Архив событий

18/05/2016

Экономикалық сотта брифинг өткізілді

18/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судья Ш.Даниярованың, Ж.Ли-дің және БАҚ-тың қатысуымен «Жеңілдетілген іс жүргізу» тақырыбында брифинг өтті.

Сот ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартты

18/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  ҚР ӘҚтК-ның 517-бабының 4-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот 2015 жылғы 2 қарашада Астана қаласының халықаралық әуежайында Астана-Ташкент халықаралық рейсінің паспорттық бақылауынан өту кезінде азамат Д-ның визасын тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы байқалғаны, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталды.

Зияткерлік меншік саласындағы істі қарау кезіндегі өзекті мәселелер

18/05/2016

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьясының, әділет органы және кәсіпкерлік субьектісі өкілдерінің қатысуымен «Зияткерлік меншік саласындағы істерді қарау кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сотта қаралатын даулардың көпшілігі тауар белгісін тіркеу, тауар белгісін қолдану кезінде жосықсыз бәсекелестік, тауар белгісін тіркеуді жою, ҚР Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесінің шешіміне шағым жасау мәселесіне қатысты екенін талқылады.

Материалдық залалды өтеу туралы дау медиация тәртібінде реттелді

18/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында «С» ЖШС-нің азамат Г-ға қатысты материалдық залалды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар медиативтік келісім жасады, оның талаптары бойынша жауапкер компрессорды сындырғаны үшін талапкерге келтірілген материалдық шығынды әр айдың 10 күнінен кешіктірмей ай сайын төлеуге міндеттенеді.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот Әділет департаментінің сот орындаушысы қаулысын заңсыз деп тану туралы талап арыздан бас тартты

18/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында азамат Е-нің Астана қаласы Әділет департаментінің сот орындаушысы азамат М-ға қатысты меншік құқығын беру туралы қаулысын заңсыз деп тану туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот 2006 жылы «А» ЖШС-ның жалғыз құрылтайшы тұлғасындағы азамат К-ның және талапкердің арасында шарт жасалғанын, оның талаптары бойынша азамат К-ның талапкерден нарық құрылысын салу және пайдалану үшін сауда тұрғын-жайын сатып алғанын анықтады.

Сот меншік құқығын тану туралы талап арызды қанағаттандырды

18/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қалалық жылжымайтын мүлік» МҚК-нің «Б» АҚ-ға қатысты меншік құқығын тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот 2007 жылы «Астана қаласы қаржы басқармасы» ММ-ның бұйрығы негізінде «Б» АҚ-ның балансынан «Қалалық жылжымайтын мүлік» МҚК-ның балансына пәтер берілгенін, жауапкер төлем жасауға қабілетсіз болып табылғандықтан және мемлекеттік бажды төлей алмайтындықтан пәтерге меншік құқығын әділет органдары «Б» АҚ-ға тіркемегенін анықтады.