Архив событий

19/05/2016

ТМРА және БҚА дауларын шешу кезіндегі заңнамадағы өзгерістерге байланысты өзекті мәселелер

19/05/2016

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ТМРА және БҚА дауларын шешу кезіндегі заңнамалық өзгерістерге байланысты өзекті мәселелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьясы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің, Астана қаласы прокуратурасының, «Астана су арнасы» ШЖҚ МҚК-нің  өкілдері қатысты.

Билік өкілін қорлау және бағынбау

19/05/2016

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігі, 379-бабының 1-бөлігі бойынша К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 10 сәуірде сотталушы К. Астана қаласының халықаралық әуежайында болып, алкогольдік масаң күйінде, тіркеу орнында басқа жолаушымен жанжал шығарғанын және полиция қызметкерлеріне балағат сөз айтқанын анықтады.

Экономикалық сотта журналистерге арналған брифинг өтті

19/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьялары А.К.Кәрімова мен С.С.Қабидолдинаның қатысуымен «Мемлекеттік органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібінде шағымдану» тақырыбында брифинг өтті.

Шараны модератор, соттың бас маман Е.М. Тындыбеков алғы сөзбен ашты.

Кездесу барысында судья А.К.Кәрімова кәсіпкерлердің құқығын және заңды мүддесін қорғаудағы экономикалық соттың рөлі туралы айтты.

Экономикалық сотта дөңгелек үстел өткізілді

19/05/2016

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының, Астана қаласы прокуратура, Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті, Астана қаласының адвокаттар алқасының, Астана қаласы кәсіпкерлерінің өңірлік палатасы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібінде шағымдану» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Сарыарқа аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

19/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында сот судьяларының, әділет департаменті, Сарыарқа ауданының мемлекеттік және жеке сот орындаушылары өкілдерінің қатысуымен сот актілерін орындау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында сот орындаушысының әрекетіне шағымдану туралы азаматтық істерді қараудың сот тәжірибесі зерделенді.

Экономикалық сотта брифинг өтті

19/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судья Б.Б.Сәтбаеваның, Ш.Т.Даниярованың, Ж.М.Лидің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы дауларды шешу кезіндегі заңнамалық өзгерістерге байланысты туындайтын мәселелер» тақырыбында брифинг өтті.

Сот сот орындаушысының қаулысын заңсыз деп тану туралы талап арыздан бас тартты

19/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында «Б» АҚ-ның жеке сот орындаушысы К-ның әрекетіне шағымдануы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот 2015 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Н» АҚ-ның «Б» АҚ-ға кепіл нысаналарын өндіріп алу жолымен берешекті өндіріп алу туралы талап қоюы жартылай қанағаттандырылғанын анықтады.

Жеке сот орындаушысы К-ның қаулысымен көрсетілген сот шешімі бойынша атқарушылық іс жүргізу қозғалған.

Өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы

19/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 346-бабының 4-бөлігі бойынша О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 31 қаңтарда О-ның көлік жүргізу құқығынан айрыла отырып, алкогольдік масаң күйде «Тойота камри» маркалы автокөлікті жүргізгенін, Абылай хан даңғылы бойымен жүріп келе жатып О. рөлді басқара алмай жол жиектемесін және көше жарықтандыру бағанасын соққанын, нәтижесінде жолаушы Р. денсаулығына ауыр зиян алғанын, абайсыздықтың салдарынан ол оқиға болған жерде қайтыс болғанын анықтады.

Сот шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырды

19/05/2016

Астана қаласының  Сарыарқа аудандық сотында «Kaspi bank» АҚ-ның азамат Ч-ға, «Г» ЖШС-ға қатысты шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта банк және азамат Ч-ның арасында жылжымайтын мүлікті сатып алуға несие ұсыну туралы банктік қарыз шарты жасалғаны анықталды.

2014 жылы жауапкерлер азамат Ч. және «Г» ЖШС арасында салынып жатқан тұрғын үй кешеніндегі үлесіне талап ету  құқығын (құқықты тапсыру) беру туралы шарт жасалған.

Есіл ауданының №2 аудандық сотында брифинг өтті

19/05/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында сот судьяларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен соттың ағымдағы жылдың 4 айындағы жұмыс қорытындысы және үлкен қоғамдық резонансқа ие болған қылмыстық істерді қарау нәтижесі бойынша брифинг өтті.

Брифинг барысында К.Дүйсембиев 2016 жылғы 4 айдағы сотта қаралған қылмыстық істердің сапалық және сандық көрсеткіштерін, сондай-ақ тергеу судьясы жұмысының сапасы жайында айтты. Сондай-ақ, судья қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істер бойынша мәліметтер берді.

Ювеналдық соттың төрағасы ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты

19/05/2016

Бүгін Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Р.Раззак психологиялық-филологиялық және дінтану сот сараптамасы бойынша ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

Іс-шараға ҚР Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаментінің директоры, құқық қорғау және арнайы орган өкілдері, Ресей Федерациясының өкілдері, ҚР Әділет министрлігінің сот сараптама орталығының сот сарапшылары және Астана қаласының аудандық сотының судьялары қатысты.

Банктік қарыз шарты жарамсыз деп танылды

19/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында аз. Т-ның «Нұрбанк» АҚ-ға қарыз шартын жарамсыз деп тану туралы, «Нұрбанк» АҚ-ға оның несиелік тарихы туралы ақпаратты жоюды, моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкердің атынан қарыз алу шарты жасалғаны анықталды, осының негізінде белгісіз тұлға кепілсіз несиені оның жоғалған жеке куәлігі бойынша алған. Алайда, жүргізілген сот қолтаңбалық сараптамасы  анықтағандай, талапкер Банкпен қарыз шартын жасамаған және ақшалай қаражат алмаған.