Архив событий

25/05/2016

Сот мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы талап арызды қанағаттандырды

25/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қаласының Алматы ауданы прокурорының мемлекет мүддесі үшін мемлекеттік тіркеуден бас тарту және тарату туралы «Л» ЖШС-на қатысты талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында 2015 жылы «Л» ЖШС-ның заңды тұлға ретінде тіркелгені, оның жалғыз құрылтайшысы және жетекшісі А. болып табылғаны  анықталды.

Бас араздық салдарынан ағасын өлтіру

25/05/2016

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот А-ның ағасы К-мен бас араздығы салдарынан оған көкірек тұсының сол жағынан пышақ сұққанын анықтады.

Алған жарақатынан К. сол жерде қаза тапқан.

Сот үкімімен А. кінәлі деп танылды және оған қатаң режимдегі түзеу колониясына жіберілумен 8 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот қарызды өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

25/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында «М» ЖШС-ның азамат О-ға, С-ға, А-ға қатысты шағын несие бойынша қарызды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талапкер және жауапкер О-ның арасында шарт жасалғанын, оның талаптары бойынша талапкердің шағын несие ұсынғанын анықтады.

Жауапкердің міндеттемелері шарт кепіліне қол қойған азамат С, және А кепілдік тұлғалармен қамтылған.

Сот мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырды

25/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің «Ж» ЖШС-ға, «В» ЖШС-ға қатысты мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.