Архив событий

17/05/2016

Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне әкімшілік жаза

17/05/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚтК-ның 435-бабы бойынша кәмелетке толмағанның анасы Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 13 сәуірде Астана қаласының Алматы ауданындағы ІІБ-ның полиция лейтенантына кәмелетке толмаған А-ның ұсталғанын, ол сыныптасымен бірге темекі тартқанын және қалдығын жерге тастағанын, бұл әрекет ұсақ бұзақылық жататынын анықтады.

Сот медиативтік келісімді бекітті

17/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Т» ЖШС-ның «Е» ЖШС-ға қатысты  берешек және өсім сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардан медиативтік келісім келіп түсті, оған сәйкес жауапкер 2016 жылғы 30 сәуір мерзіміне дейін негізгі қарыз сомасын, шарттық өсім сомасын және өкілдің заңды көмегіне төлеу бойынша шығындарды  төлеуге міндеттенеді.

Сот тараптардың татуласуымен қылмыстық істі тоқтатты

17/05/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-ның 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кәмелетке толмаған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2015 жылғы 14 желтоқсанда кәмелетке толмаған сотталушы К. жәбірленуші Б-ның өміріне, денсаулығына қауіпті болмаса да, қатер төндіріп «Samsung J 1 ace» ұялы телефонын алып қойғаны анықталды.

Сот салық органының хабарламасынан бас тарту туралы талап арыздан бас тартты

17/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» ЖШС-ның «Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ге қатысты хабарламаны заңсыз деп тану және бас тарту туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыздан бас тартты

17/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК-нің «Тбети» ЖШС-ға қатысты мемлекеттік сатып алуда жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру

17/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 188-бабының 1-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2015 жылғы 9 желтоқсанда Б-ның №40 жолаушылар автобусында кәмелетке толмаған Д-ның ұялы телефонын ұрлағанын анықтады.

Одан әрі, 2016 жылғы 15 желтоқсанда Б. №4 жолаушылар автобусында С-ның әмиянын оның барлық құжаттарымен, банк карточкасымен және ақшалай қаражаттарымен бірге ұрлаған.

Сот мүлікті тыйым салынғандар қатарынан шығарды

17/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ-ның «Б» АҚ-ға, «А» ЖШС-ға, «Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ-ге, «Астана қаласының Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасы» ММ-ға қатысты мүлікті тыйым салынғандар қатарынан шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қылмысқа оқталу және ұрлық жасауға ұмтылыс

17/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 24-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша айыпталушы Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2015 жылғы 8 қазанда Ш-ның бұрын таныс емес Н-ға келіп, оның ұялы телефонын ұрламақ болып бірнеше рет ұрғаны, алайда полиция қызметкерлеріне ұсталғандығына байланысты, өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмағаны анықталды.

Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру

17/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2015 жылғы 10 желтоқсанда А-ның Перинаталды профилактикалық орталығында болған кезде Р-ның сөмкесінен әйелдің әмиянын ақшасымен бірге ұрлап алғаны анықталды.

Қол жеткізгенімен қоймай, «Санлин» білім орталығының кабинетіне кіріп, кәмелетке толмаған Б-ға тиесілі «Iрhone 5S» маркалы ұялы телефонын ұрлаған.