Архив событий

30/05/2016

Алматы аудандық сотында дәріс сабақ өтті

30/05/2016

Астана қаласының Алматы аудандық сотында төрағаның, судьялардың және сот мамандарының қатысуымен «Заң мен сот алдында азаматтардың теңдігі» тақырыбында дәріс сабақ өтті.

Сот төрағасы Ғ.Нәсірдінов мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық болып табылатынын, сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елдің әрбір азаматының құқығын және бостандығын қорғау танылып, кепілдендірілетінін және бұл мемлекеттің міндеті болып саналатынын айтып берді.

Сот орындаушыларының әрекетіне шағым жасау мәселелері бойынша дөңгелек үстел

30/05/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Сот шешімін орындау кезіндегі сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы және судьялар, кеңсе меңгерушісі, жеке және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.

Медиация өткізу бойынша үздік бейнеролик

30/05/2016

Астана қаласының сотында татуласу рәсімдерін қолданудың белсенділігін күшейту мақсатында «Партисипативтік рәсім бойынша үздік бейнеролик» және «Медиация өткізу бойынша үздік бейнеролик» номинациясы бойынша Астана қаласының аудандық және оған теңестірілген соттары арасында байқау өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша «Медиация өткізу бойынша үздік бейнеролик» номинациясының жеңімпазы Астана қаласының Алматы аудандық соты бірінші орынды иеленді.

Өкілдік және тұлғалардың құқығы мен мүддесін сот процесінде қорғау

30/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының сотында сот төрағасы Ғ.Нәсірдіновтің, азаматтық іс бойынша қатысушы адвокаттардың және заңды өкілдердің қатысуымен «Өкілдік және тұлғалардың құқығы мен мүддесін сот процесінде қорғау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

 Шарад сот төрағасы Ғ.Нәсірдінов сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы азаматтарға және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсетудің сапасына байланысты екенін айтып берді.