Архив событий

26/05/2016

Сот полиция қызметкеріне және оның сыбайластарына қатысты шешім шығарды

26/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 390-бабының 2-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі, 1,2,3-тармақтары бойынша Б-ға, К-ға, Б-ға және К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Б-ның ішкі істер органының қызметкері бола отырып және «П» ЖШС-ның аумағындағы есірткі затының айналымы туралы мәліметті біле тұра қылмыстың ұйымдастырушысы, орындаушысы, айдап салушысы ретінде қатысқанын және бұрыннан таныс ішкі істер органының бұрынғы қызметкерлері К., Б. және К-ға бірлесіп қылмыс жасауды ұсынғанын анықтады.

Тиімді сот төрелігі – құқықтық мемлекеттің негізі

26/05/2016

Есіл аудандық сотында «Тиімді сот төрелігі – құқықтық мемлекет негізі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараға сот төрағасы Д.Әбдіғалиев, судьялар және сот мамандары қатысты.

Шарада сот төрағасы 2016 жылғы 1 қаңтардан азаматтық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелерін реттейтін бас құжаттың жаңа редакциясы қолданысқа енгізілгенін айтты.

Магистранттардың қатысуымен үлгілік сот отырыс өткізілді

26/05/2016

Бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы магистранттарының қатысуымен алдын ала сот отырысын өткізудің үлгілік тәсілі көрсетілді.

Алдын ала сот отырысында азамат С-ның ЖШС-ға қатысты негізгі қарызды, моральдық зиянды және мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығындарды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс сот шешімін шығарумен аяқталды.

Сот шетелдікті Қазақстан Республикасының заңын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарды

26/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында «Астана қаласының ішкі істер департаменті» ММ-нің шетелдік азамат А-ны Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығарып жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот А-ның Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қасақана қылмыс жасағанын анықтады.

Сот медиативтік келісімді бекітті

26/05/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында азамат Ж-ның «Евразия» сақтандыру компаниясына» қатысты әрекетті заңсыз деп тану, сақтандыру жағдайын тану, ақшалай қаражатты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы медиативтік келісімге келді, оның талаптары бойынша жауапкер іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға қарсы келмеуге міндеттенеді, талапкер өз кезегінде жауапкерге талап арыз талаптарынан бас тартады.

Сырттай іс жүргізу тәртібінде істерді қарау

26/05/2016

Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот төрағасының және сот судьяларының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларының қатысуымен «Сырттай іс жүргізу тәртібінде істерді қарау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Билік өкіліне бағынбағаны және қорлағаны үшін айыппұл

26/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2  аудандық сотында ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігі, 379-бабының 1-бөлігі бойынша К-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2015 жылғы 21 желтоқсанда К-ның және бұрыннан таныс Ж. және С-ның билік өкілінің заңды талаптарына қасақана бағынбаушылық көрсеткенін, К-ны ұстау кезінде полиция аға сержантына балағат сөз айтып, нысандық киімін жыртқанын анықтады.

Сот үкімімен К. кінәлі деп танылды және оған 25 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

26/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы  және жануарлар дүниесі комитеті «Ж» РМК ШЖҚ-ның «К» ЖШС-ға қатысты мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы бойына азаматтық іс қаралды. 

Сот тараптар арасында мемлекеттік сатып алу шарты жасалғанын, оның талаптарына сәйкес өнім беруші шартқа қол қойылған кезден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тауарды қоюға міндеттенгенін анықтады.

Есірткі затының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер

26/05/2016

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот судьяларының, қалалық және аудандық прокуратура, Астана қаласы ІІД ЕКБ өкілдерінің қатысуымен «Есірткі затының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық істерді қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде жіберілген қылмыстық процестік заңнын бұзылуын, сондай-ақ осы санаттағы қылмыстық істердің тиісінше ресімделмеуін талқылады.

Аса ірі мөлшердегі есірткі затын сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыру

26/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот полиция қызметкерлеріне Д-ның ұсталғанын, оны жеке тінту кезінде аса ірі мөлшердегі есірткі заты кептірілген марихуана және есірткі заты гашиш табылғанын анықтады.

Сотталушы есірткі затын өткізу мақсатынсыз тек өзі пайдалану үшін заңсыз сақтаған. 

Тараптар дауды бітімгершілік келісім жолымен шешті

26/05/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Ө» ЖШС-ның азамат Б-ға қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында талапкердің өкілі талап арыз талаптарын кемітті және тараптар бітімгершілік келісімге келді. Оның талаптары бойынша жауапкер талапкердің талаптарын мойындайды және берешек сомасын 2016 жылғы 31 шілде мерзіміне дейін төлеуге міндеттенеді.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Экономикалық сотта журналистерге арналған брифинг өтті

26/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судья Б.Нұрлановтың қатысуымен «Зияткерлік меншік саласындағы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер туралы» тақырыбында брифинг өтті.

Модератор, соттың бас маманы Е.Тыңдыбеков шараны ашып, жүргзіп отырды. Судья Б.Нұрланов зияткерлік меншік, құқық иеленушілерге ғана құнды емес, жаңа технологияны игеріп, өркендеуге ынталандыратынын, бұл олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға жағдай жасай отырып, заңнамалық актілердің одан әрі жетілуіне ықпал ететінін атап өтті.