Архив событий

24/05/2016

Астана қалалық сотының төрағасының интернет-конференциясы өтеді

24/05/2016

2016 жылғы 31 мамырда сағат 10.00 мен 17.00 аралығында қала азаматтары үшін сот жүйесі қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі және айқындылығы қағидасын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық сотының төрағасы  Т.Бәрпібаев  интернет-конференция өткізеді.

Конференция барысында мынадай мәселелер қарастырылатын болады:

- Астана қалалық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың қызметі;

- жеке және заңды тұлғалардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету;

Ювеналдық сотта семинар-тренинг өтті

24/05/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға сот төрайымы Н.Р.Раззак судьялар Ж.Алпысбаева, К.Керн және сот мамандары қатысты.

Семинар-тренинг барысында сот төрағасы мемлекеттік қызметшілер  адал, әділ, әрі ұстамды, азаматтармен қарым-қарынаста жалпы қабылданған әдеп қағидаттарын сақтаулары тиіс және әріптестеріне сыпайылық пен әдептілік танытулары керек екенін атап өтті.

«Қазақ радиосына» сұхбат

24/05/2016

Астана қаласы кәмелетке томағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Н.Раззак «Казақ радиосының» радио толқынында «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» тақырыбында сұхбатқа қатысты.

Экономикалық сотта брифинг өтті

24/05/2016

Бүгін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары А.Жамансариева мен А.Досжанованың қатысуымен  «Талап қою арызын беру тәртібі және істі сот талқылауына дайындау» тақырыбында брифинг өтті.

Модератор, судья  А.Досжанова шараның мақсаты жайында айтты.

Кездесуде судья А.Жамансариева істі сот талқылауына дайындаудың өзектілігі жайында баяндама жасады.

Туысын өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды

24/05/2016

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағы бойынша қылмыстық істі қарады.

Сот, туысы Б-ның пәтерінде болған С-ның ақшалай қаражатты иеленбек мақсатында өз туысын  өлтіргенін анықтады.

Сот ұйғарымымен С. қылмыстық жолмен тапқан немесе қаражатқа сатып алған мүліктерін тәркілей отырып, қатаң режимдегі түзеу колониясында 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

«Астана» радиосында экономикалық сотының судьясы сөз сөйледі

24/05/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Жақыпов «Астана» радиосының эфирінде «Қысқартылған іс жүргізу тәртібінде істердің ерекшеліктері» тақырыбында сұхбат берді.

Радио-эфир барысында судья А.Жақыпов Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің қысқартылған іс жүргізу бөлігіндегі новеллалары туралы айтып берді.

Эфир соңында радио журналисі судьяға қызықты сұхбат бергеніне алғыс білдірді.

Есірткі заттарын сатқаны үшін бас бостандығынан айыру

24/05/2016

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-ның 28-бабының 2-бөлігі, 286-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 3-бөлігінің 1,3 тармағы бойынша М-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот, сотталушы М-ның шартты сатып алушы К-ға «амфетамин»  психотроптық затын және «героин» есірткі құралын аса ірі көлемде сатқанын анықтады.