Архив событий

13/05/2016

Сотта семинар-тренинг өтті

13/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында сот судьяларының және Астана қаласы Алматы ауданының ІІБ өкілдерінің қатысуымен тергеушіге практикалық көмек көрсету жөніндегі семинар-тренинг өтті.

Семинар–тренинг  барысында  қатысушылар іздеуде жүрген күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолданудың негізділігін және оны сотқа ұсыну тәртібін талқылады.

Сондай-ақ, қатысушылар айғақтарды депонттауды және сотқа алып қоюларды санкциялау бойынша ұсыну үшін материалдарды ресімдеу тәртібін талқылады.

Мемлекеттік тілде сот құжаттарын жүргізу

13/05/2016

Сарыарқа аудандық сотында «Сот актілерін мемлекеттік тілде толтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сот төрағасы А.Жүкенов, судьялар және  Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Орыс-қазақ бөлімінің» доценті М.Пірімбетова қатысты.

Дөңгелек үстелдың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу саласын кеңейту, сот актілерін және сот құжаттарды ресімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Спиртті ішімдік ішудің салдары

13/05/2016

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-ның 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа берілген К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2016 жылғы 17 қаңтарда, түнде К. алкогольдік масаң күйде Т-мен жанжалдасқаны, осының салдарынан өзіне айтылған балағат сөздерден қорланған К. оны пышақтағаны анықталды. Оқиға кезінде үйдің иесі И. шыққан. К. оның да денесінің әр жерінен пышақтаған, солдарынан ол сол жерде қайтыс болған. Алайда, К. қашып құтылып кеткен.

Сот және Еуразия Ұлттық университеті арасында ынтымақтастық шарты бекітілді

13/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Б.Бұсырмановпен, мемлекет және құқық, конституциялық құқық теориясы және тарихы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Б.Алтынбасовпен және заң ғылымдарының кандидаты Б.Омаровамен кездесу өтті.

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі туралы іс бойынша ұсталған күдіктілерді қамауға алу мерзімі ұзартылды

13/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты медициналық университеттің студенті Е.Әубакіровтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілерді қамауда ұстау мерзімін 4 айға созды.

Еске салсақ, күдіктілер Н.Әжімбай, А.Тихоненко, В.Шерстенев ҚР ҚК-нің 99 бабының 2-бөлігінің 7 тармағында (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпталуда.

Дене зақымын келтіргені үшін қоғамдық жұмыс

13/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 108-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айыпталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды..

Сот, 2016 жылғы 9 ақпанда А-ның алкогольдік масаң күйде бола отырып, бас араздығы үшін, азаматтық некедегі әйелінің әпкесіне дене зақымын келтіргенін анықтады.

Сот үкімімен А. кінәлі деп танылды және оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Экономикалық сотта брифинг өтті

13/05/2016

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігі), шешімдеріне шағым жасау» тақырыбында брифинг өткізілді.

Өткізу мақсатынсыз есірткі затын заңсыз сақтау

13/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша И-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 7 ақпанда Астана қаласындағы  «Қызылжар» бекетінде полиция қызметкерлері И-ді ұстағанын, одан жалпы салмағы 1,2006 гр болатын есірткі заты марихуана алынғанын анықтады.