Архив событий

16/05/2016

Машинист-краншы қауіпсіздік техникасын бұзғаны үшін сотталды

16/05/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-тың 156-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәcін мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісіммен келісу іс жүргізуінде сотталушы О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот алынып қойылған көлікжай үшін өтемақыны өндіріп алу туралы талап арызды қанағаттандырды

16/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында аз. Е-нің «АСД» ЖШС-ға қатысты жер телімінен алынып қойылған көлікжай үшін өтемақыны өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талапкерге тиесілі жер телімін жауапкер көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін иемденіп алғанын анықтады.

Сот жауапкерді оқуға кеткен шығындарды өтеуді міндеттеді

16/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» ҚММ-нің азаматы Ш-ға қатысты соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот тараптар арасында  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт жасалғанын, оның талаптары бойынша жауапкерге ай сайынғы шәкіртақы төлеумен тегін оқу ұсынылғанын анықтады.

Кәмелетке толмаған балалардың ТМЖ-ға шетелге шығуы

16/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында азамат М-ның азамат К-ға қатысты, іске үшінші тұлға ретінде «Астана қаласының Білім басқармасы» «Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Көші-қон басқармасын» тарта отырып, екіншісі ата-анасының келісімінсіз басқа мемлекетте  тұрақты тұруға балалардың шығуына рұқсат беру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот маманы «Қазақ радиосында» сұхбат берді

16/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының маманы Р.Гаипов «Қазақ радиосының» тікелей эфирінде «Президенттің бес реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамы: Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тақырыбында сұхбат берді.

Радио-эфир барысында сот маманы мемлекеттік қызметке кіру рәсімдердің жаңғыртылуы туралы және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы айтып өтті.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бостандығынан айыру

16/05/2016

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ҚР ҚК-ның 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Д-ның өзін жұмыстан шығарған О-ға қатысты жеке бас араздығының салдарынан, соңғысының кеуде тұсынан пышақтағанын анықтады.

Сот іс материалдарын зерттей отырып, Д-ны 4 жылға  жалпы тәртіптегі колонияда бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қасақана қазаға ұшырату

16/05/2016

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-ның 99-бабының 1-бөлігі бойынша К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында спирттік ішімдікті ішу салдарынан, Н-ның туған ағасымен туындаған жанжал нәтижесінде, сотталушы К. С-ның кеуде тұсынан пышақ салғаны, осыдан кейін соңғының сол жерде қайтыс болғаны анықталды.

Сот үкімімен К. кінәлі деп танылды және оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын  қатаң тәртіптегі түзеу колонияда өтеу тағайындады.