Архив событий

31/05/2016

Астана қалалық сотына Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының делегациясы келді

31/05/2016

Бүгін ақпараттық сервис жұмысымен көрнекті танысу мақсатында Ресей Федерциясы Жоғарғы Сотының делегациясы Астана қалалық сотына келді.

Кездесуде «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында жүргізілген сот реформасы талқыланды.

Астана қаласы бойынша Судьялар Одағы филиалының төрағасы және мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш кешенінде болды

31/05/2016

Бүгін Астана қаласы бойынша Судьялар Одағы филиалының төрағасы және мүшелері Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш кешеніне барып, гүл шоқтарын қойды.

Сот төрелігін жүзеге асырудағы заманауи технологиялар

31/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судья А.Қ.Жақыповтың, А.Д.Смайыловтың, А.С.Досжанованың қатысуымен «Сот төрелігін жүзеге асырудағы заманауи технологиялары» тақырыбында брифинг өтті.

  Шараны ашқан судья А.Жақыпов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының барлық сот мәжілісі өтетін залдарының дыбыс және бейнетаспамен жабдықталғанын, ол сот процесі бейнесінің толықтығын және сапалылығын қамтамасыз ететінін айтып берді.

Сот медиативтік келісімді бекітті

31/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» АҚ-ның «Т» ЖШС-ға қатысты қайтармаған бүйіржақ рамаларының құнын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптардан медиативтік келісім келіп түсті, оған сәйкес жауапкер бүйіржақ рамаларды төрт ай мерзімде қайтаруға міндеттенеді.

Сот С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеттің әрекетін заңсыз деп тапты

31/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында азамат С-ның «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ға қатысты тұрақсыздықты заңсыз деп тану және одан бас тарту, соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талапкер және «А» ЖШС-ның арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу құқығын беру бойынша талап ету құқығын беру шарты жасалғанын анықтады. Шартқа сәйкес «А» ЖШС университет ғимаратына және жатақханасына қайта жаңарту бойынша жұмыстарды орындаған.

Сот мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызды қанағаттандырды

31/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Е» ЖШС-нің «С» ЖК-ға қатысты мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанын, оған сәйкес жауапкер 2016 жылғы 15 ақпанға дейін акт залына жиһаз қоюды жүзеге асыру міндетін қабылдағаны анықталды.