Архив событий

03/05/2016

«ЮНИСЕФ» БҰҰ Балалар қоры өкілдерімен кездесу өтті

03/05/2016

2016 жылғы 29 сәуірде Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Р.Раззак Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында өткізілген «ЮНИСЕФ» БҰҰ Балалары қорының өкілдерімен кездесуге қатысты.

Судья С.С.Бекіштің өңірлік телеарналардағы сұхбаты

03/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Сая Бекіш «24 КZ», «Первый канал Евразия», «ТДК-42», және «Астана TV» телеарналарының тілшілеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған сұхбат берді.

Экономикалық сотта БАҚ үшін брифинг өтті

03/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекет меншігінде тұрған ауыл шаруашылығы мақсаттағы жер учаскелерін иелену құқығына қатысты ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша БАҚ-қа арналған брифинг өткізілді.

Ювеналдық сотта дөңгелек стол өтті

03/05/2016

Бүгін Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сарыарқа ауданының прокуратурасымен бірлесе отырып «Әкімшілік іс жүргізуді тоқтатудың кейбір мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік айыппұл

03/05/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚтК-ның 435-бабы бойынша құқықбұзушы С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2016 жылғы 29 наурызда құқықбұзушының кәмелетке толмаған ұлы Астана қаласының Есенберлин көшесінде, бос бөтелкені жерге лақтырып, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Іс материалдарын зерттей отырып, сот құқықбұзушыны кінәлі деп тапты және 7 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұлға тартты.

Қаулы заңды күшіне енді.

ҚР Жер кодексіндегі түзетулерді талқылау бойынша дөңгелек үстел

03/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының, Астана қаласы прокуратурасының, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының, Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы өкілдерінің қатысуымен, мемлекет меншігінде тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін иелену құқығына қатысты дөңгелек үстел өтті.

Алматы ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

03/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылғы  4 айдағы жұмыс қорытындысын шығару бойынша сот төрағасының және судьяларының, ІІБ және Астана қаласы Алматы ауданының прокуратура өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шара  барысында қылмыстық істерді және материалдарды қарау бойынша статистикалық мәліметтер талқыланды.

Шара соңында қатысушылар қозғалып отырған мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға тұжырымдар жасады. 

Қоғамдық орында жұртты мазалап өтініш білдіргенге әкімшілік жаза

03/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚтК-ның 449-бабы бойынша азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2016 жылғы 15 сәуірде азамат Б Астана қаласының ТЖ вокзалының кассалық залында, жеке ұйымның билетін сату мақсатында  жолаушыларды мазалап өтініш білдіргені анықталды.

Бұған дейін, азамат Б. 2015 жылғы 13 қыркүйекте ҚР ӘҚтК-ның 449-бабы бойынша жауаптылыққа тартылған.

Экономикалық сотта дөңгелек үстел өтті

03/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының, Астана қаласының прокуратура, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, Астана қаласы адвокаттар алқасының өкілдерінің қатысуымен «100 нақты қадам-Ұлт жоспарын» жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кәмелетке толмағанның ұрлық жасауы

03/05/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-ның 191-бабының 2-бөлігі      3) тармақшасы бойынша кәмелетке толмаған сотталушы М-5а қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 14.01.2016 ж сотталушы М. өзінің достарымен, оңай олжа табу мақсатында құрылыс материалдары сақталатын көтерме қоймаға кіргені және заңсыз баю мақсатында, саны 6 дана техноникольді ұрлағаны, сосын қылмыс жасаған жерінен қашып кеткені анықталды.

Экономикалық сотта брифинг өтті

03/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру» тақырыбында брифинг өтті.