Архив событий

05/05/2016

Астана қаласындағы сауда-ойын сауық орталығында ұрлық жасағаны үшін әйел адам сотталды

05/05/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2  аудандық сотында ҚР ҚК-ның 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша И-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2015 жылғы 7 қазанда сотталушы И. «Хан Шатыр» СОО-ның «Спорт Мастер» бөлігінде  болған кезінде спорттық киімдерді жасырын жымқырғаны анықталды. Сотталушы киімдерді өзінің киімінің ішінен киіп, шығар есікке келгенде, сол жерде оны күзет қызметінің қызметкерлері тоқтатқан.

Экономикалық сотта БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді

05/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Оңалту рәсімін қолдану» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында М.Байгелов оңалту ресімі кәсіпорынның төлем жасау қабілетін қалпына келтіру болып табылатынын және ол төлем жасауға қабілетсіз кәсіпорынды құтқаруға бағытталғанын айтты. Жеделдетілген оңалту рәсімдері борышкерге қатысты сот тәртібінде, кредиторлармен сотқа дейінгі тәртіпте келісілген оңалту жоспары негізінде қолданылады.

Мүлікті бөлу туралы дау медиация тәртібінде реттелді

05/05/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында азамат К-ның азамат Т-ға қатысты жауапкерге мүлікті иеленуге  жинаған қаражаттың 1\2 бөлігін бөлу жолымен мүлікті бөлу туралы талап арызы, үйден шығару және азамат Т-ның азамат К-ға қатысты үлесті белгілеу туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Экономикалық сотта «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңы талқыланды

05/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының, Астана қаласы прокуратурасының, Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің, Астана қаласының адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР заңын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Сауна әкімшілігі жеңгетайлығы үшін сотталды

05/05/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2  аудандық сотында ҚР ҚК-ның 309-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауы барысында 2016 жылғы 16 наурызда «Мәди» саунасының әкімшілігі жеңгетайлық қызметі үшін азамат С-дан ақшалай қаражат алғаны, ол сауна клиенттеріне жыныстық қызмет көрсеткені анықталды.

Сот үкімімен Ш. кінәлі деп танылды және оған 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Ақшалай қаражатты жымқырғаны үшін жаттықтырушы сотталды

05/05/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша (ҚК 16.07.1997 жылғы редакцияда) кінәсін мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісіммен келісу іс жүргізуінде Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.