Архив событий

12/05/2016

Сарыарқа аудандық сотының судьясы «Қазақ радиосында» сөз сөйледі

12/05/2016

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары 100 нақты қадамды» анықтап берді. Жоспардың бірінші институционалдық реформасы кәсіби мемлекеттік аппарат құру болып табылады.

Осы реформаны түсіндіру мақсатында Астана қаласы Сарыарқа ауданының судьясы Гүлмира Тастыбаева «Қазақ радиосының» тікелей эфирінде сөз сөйледі. Эфир барысында Ұлт жоспарының 10 қадамы талқыланды, ол мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшуді қамтиды.

Бала асырап алу кезінде туындайтын даулар

12/05/2016

Бүгін Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Бала асырап алу кезінде туындайтын даулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жүкті әйел ЖКО жасағаны үшін сотталды

12/05/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында ҚК-ның 345-бабының 3-бөлігі бойынша А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2015 жылғы 27 қарашада сотталушы А. «ToyotaСаmrу» автокөлігімен, К. жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-2114» маркалы автокөлікке соқтығысқаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде «ВАЗ-2114» автокөлік жүргізушісі К. және қасындағы жолаушысы О. ауыр дене жарақаттарын алған, ал жолаушы И. алған жарақатының әсерінен сол жерде қайтыс болған.

Экономикалық сотта мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талқыланды

12/05/2016

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот судьяларының, Астана қаласы прокуратурасының, Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің, Астана қаласы адвокаттар алқасының, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Астанада құрылыс кампаниясының басшылары сотталды

12/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен алаяқтық жасағаны үшін 72 эпизод бойынша айыпталған О.Г.Шнайдерге, Ч.М.Саидовқа және Р.Х.Багаевқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта сотталушылар О.Г.Шнайдер, Ч.М.Саидов және Р.Х.Багаев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны, нақтырақ айтқанда, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы үлескерлерден «Хазрет» тұрғын құрылысы үшін ақшалай қаражаттарын алып қойғаны анықталды.