Архив событий

20/05/2016

Есіл аудандық сотында семинар-тренинг өтті

20/05/2016

Астана қаласы Есіл аудандық сотында мемлекеттік қызметшінің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараға сот төрағасы Д.Әбдіғалиев және сот мамандары қатысты.

Сот төрағасы баяндамасында мемлекеттік қызметшілер іскерлік әдепті сақтауы, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуі керектігін айтып өтті.

Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл

20/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 3 наурызда Б-ның Есіл өзені жағасында болған кезде әрқайсысы 50м болатын синтетикалық талшықтан екі тор орнатқанын, осылайша құқықбұзушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Балық аулау қағидасының 9-тармағының 2) тармақшасын бұзғанын анықтады.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін бас бостандығынан айыру

20/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша  Э-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 25 қаңтарда Э-нің «Апрель» дүкенінің қасында болған кезде салмағы 1,6479 грамм болатын аса ірі көлемдегі есірткі заты героинді, өткізу мақсатынсыз өзі пайдалану үшін өзінде заңсыз сақтағанын анықтады.

Экономикалық соттың кеңсе меңгерушісі «Тіл – татулық тірегі» республикалық форумына қатысты

20/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі А.И.Донской жыл сайынғы «Тіл – татулық тірегі» республикалық форумына қатысты.

Форум Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілді дамыту  және рөлін арттыру бойынша саясатын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік тілді білетін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Сот Астана тексеру комиссиясының талап арызын ішінара қанағаттандырды

20/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-нің «А» ЖШС-ға қатысты құқық белгілеуші құжаттарды тіркеуді міндеттеу туралы, негізсіз алынған ақшалай қаражатты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот 2010 жылы Астана қаласында орналасқан жылжымайтын нысанның «Астана қаласы Қаржы басқармасы» ММ-нің бұйрығы негізінде жауапкерге берілгенін, алайда қазіргі уақытқа дейін жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу бойынша шаралар қолданылмағанын анықтады.

Сот көлік құралын жүргізу құқығынан айырды

20/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот 2016 жылғы 20 сәуірде ЖПП қызметкерлері азамат Б-ны тоқтатқанын, ол «Audi» маркалы автокөлікті алкогольдік масаң күйде жүргізгенін анықтады.

Алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу фактісін құқықбұзушы толық мойындады.

Сот құқықты білгілейтін құжаттардың тиістілік фактісін анықтады

20/05/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында азамат А-ның, Т-ның, Р-ның және Х-ның құқық белгілейтін құжаттардың тиістілік фактісін анықтау туралы арыздары бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот арыз берушілердің Астана қаласының бір ауданында жалпыға ортақ меншіктегі пәтерге ие екенін анықтады.

Алайда, құқық белгілейтін құжатта арызданушылардың толық аттары жазылмаған, тек бастапқы әріптері ғана көрсетілген, осыған байланысты қандай да белгілі бір заңды әрекет жасау мүмкіндіктерінен айрылған.

Сот хабарламаның күшін жою туралы талап арыздан бас тартты

20/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотында «Д» ЖШС-ның «ҚР ҚМ МКК-нің Астана қаласы бойынша МКД-нің Алматы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ге қатысты хабарламаның күшін жою туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Күйзеліс жағдайында жасалған аса ірі мөлшердегі алаяқтық

20/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 177-бабының 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (16.07.1997 ж. редакцияда)

Сот Ш-ның бөтеннің мүлкін жымқыруға бағытталған қылмыстық ниетін ескере отырып, мәмілені іске асыру үшін өзіне ақшалай қаражат қажеттігіне Е., А. және К-ны сендіргенін, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жәбірленушіден аса ірі мөлшерде ақшалай қаражат алғанын анықтады.