Архив событий

11/05/2016

Ата-анаға кәмелетке толмағанның бұзақылығы үшін әкімшілік жаза

11/05/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚтК-ның 435-бабы бойынша С-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот, 2016 жылғы 29 ақпанда кәмелетке толмаған А. кәмелетке толмаған М-ға қатысты балағат сөз айтқанын, осылайша қоршаған ортаға құрметтемеушілік көрсеткенін, қоғамдық тәртіпті және адамдардың тыныштығын бұзғанын анықтады.

Сот Банк Хоум Кредиттен моральдық зиян өтемақысын өндірді

11/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында азамат Б-ның «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-дан азамат Б-ның «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ алдындағы  кредиттік шарт бойынша міндеттемелерін уақытылы орындағанын мойындауды міндеттеу туралы және моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта, 2014 жылы талапкер мен жауапкер арасында кредиттік шарт жасалғаны, оған сәйкес талапкердің қарыз алғаны анықталды.

Билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылық

11/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 379-бабының 1-бөлігі, 380-бабы бойынша айыпталушы С-ға және П-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау. Билік өкіліне қатысты күш қолдану).

Сот тұтынылған электр қуаты үшін берешекті өндірді

11/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «Астана РЭК» АҚ-ның азамат К-ға қатысты электр қуатын пайдалану ережесінің бұзылу актісі бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

ТҚО жұмысшысы көлік құралын заңсыз иеленген

11/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында Л-ға қатысты ҚР ҚК-ның 200-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу).

Сотта 2014 жылғы 20 қазанда Л. ТҚО-да автослесарь ретінде жұмыс орнында автокөлікке еркін қол жеткізе отырып, ТҚО-ның шегінен тыс шығып кеткені анықталды.

Масаң күйде көлік құралын жүргізгені үшін жауаптылық

11/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 346-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2016 жылғы 25 наурызда К-ның көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған болса да, алкогольді масаң күйде «Ауди 80» маркалы көлік құралын жүргізіп келе жатып, полиция қызметкерлеріне ұсталғаны анықталды.

Сот үкімімен  К. жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырумен, 50 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық

11/05/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәсін мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісіммен келісу іс жүргізуінде А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2015 жылғы 14 тамызда сотталушы А-ның «DaewooNexia» маркалы автокөлігін жүргізген кезде жәбірленуші Б. жүргізіп келе жатқан «Хундай Элантра» маркалы автокөлігімен соқтығысқаны анықталды.

Сотталушы полицияның келіп қалуынан сескеніп, оқиға болған жерден жасырынуды шешкен, алайда жәбірленуші оның жолын кескен.

Көліктік қылмыстық құқықбұзушылығы үшін жауаптылық

11/05/2016

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-ның 345-бабының 2-бөлігі бойынша Б-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Негізгі сот отырысында сотталушы Б. 2015 жылғы 21 қарашада Астана –қосшы  автожолымен «ГАЗ 27300В» маркалы автокөлігімен келе жатып  «Toyota Camry» маркалы автокөлікке соқтығысқаны анықталды.

Соқтығысу кезінде «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісінің денсаулығына ауыр зақым келген.

Электр және жылу энергияларын пайдаланғаны үшін қарыз

11/05/2016

Астана қаласы мамандандырылыған ауданаралық экономикалық соты «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның  «А»  ЖШС-нан негізгі қарызды және сот шығыстарын өндіріп алу бойынша талап арызы туралы азаматтық ісін қарады.

Сот, талапкер мен жауапкер араларында энергиямен жабдықтау шарты жасалғанын, оның талаптары бойынша талапкер өз міндеттемелерін тиісінше атқарғанын, ол қосылған желі арқылы электр энергиясын жауапкердің нысанына бергенін анықтады. Алайда, жауапкер шарт талаптарын орындамаған. 

ЖКО бойынша қылмыстық ісі тараптардың татуласуларымен тоқтатылды

11/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты  ҚР ҚК-ның 345-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталған С-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот, 21.10.2015 жылы сотталушы С-ның «MERSEDEC-BENZ» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып жаяу жүргінші Н-ны қағып кетіп, оның денсаулығына ауыр зақым келтіргенін анықтады. ЖКО нәтижесінде оның денсаулығына ауыр зақым келген. 

Сот мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызынан бас тартты

11/05/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-ның мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы Б-ға қатысты талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

11/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-ның 198-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталған К-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот, К. компьютер клубының заңсыз әрекетінің нәтижесінде, нақты контрафактылық  өнімдер үшін «Б» ЖАҚ-на зиян келтірілгенін анықтады.

Сотта тараптардан дауды реттеу туралы медиативтік келісім келіп түсті.

Сот қаулысымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібінде тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енгізілді.

Сот зиянды өтеу туралы талап арызды қанағаттандырды

11/05/2016

Астана қаласы мамандандырылыған ауданаралық экономикалық соты «А» ЖШС-ның «Т» ЖШС-ға зиян сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады. 

Сот отырысының барысында, су өткізетін құбырды (канализация) тазалау кезінде қосалқы салынған үй-жайды су басып кетуіне жол берілгені анықталды.  Осы фактілер су басып кету актілерімен расталды, оған жауапкердің өкілі қол қойған.

Алкогольді масаң күйде автомобиль жүргізудің салдары

11/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-ның 346-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған К-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот отырысының барысында, азамат К-ның  06.02.2018 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, алкогольдік масаң күйде рөлге отырғаны анықталды.

Медициналық куәландырудың нәтижесіне сәйкес, К-ның «алкоголдік масаң күйдің жеңіл дәрежесінде» болу фактісі белгілі болған.

Экономикалық сот салық органының талап арызын қанағаттандырды

11/05/2016

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы» РММ «В» ЖШС-на, үшінші тұлға «Астана қаласы әділет департаментінің сарыарқа ауданы бойынша әділет басқарамасы» РММ-не заңды тұлғаның мекен-жайын қайта тіркеуін жою туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.