Архив событий

06/05/2016

Елордалық сотта Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін аталып өтті

06/05/2016

9 Мамыр – екінші дүниежүзілік соғыста фашизмді күйреткен ұлы мереке мен  соғыста қаза болғандар күні. Бұл күнді тек Ұлы Отан соғысының ардагерлері ғана  емес,  олардың балалары, немерелері және шөберелері атап өтеді.

Бүгін Жеңістің 71-жылдық мерейтойы қарсаңында Астана қалалық сотында Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған  салтанатты шара  өтті.

Астана қаласы сотының ұжымы ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады

06/05/2016

Астана қаласы сотының ұжымы Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында соғыс ардагері Александр Петрович Торкинмен кездесу өткізді.

Ол кісіні сол бір ауыр жылдардың еңбек сіңірген батыры деп атайды. Александр Петрович Торкин адал, мықты және еңбекқор адам. Батыр осы мамыр айында екі бірдей атаулы күнді атап өтпек, бірі Жеңіс күні болса, енді бірі – туған күні. Биыл Александр Петрович 97 жасқа толады. Ол бір ғасырдың көлемінде өмір сүріп келеді. Оның өмірі бір кітапқа жетерліктей ірі оқиғаларға толы.

Астана қалалық сотында салтанатты шара өтті

06/05/2016

Бүгін Астана қалалық сотында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысының жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті.

Соттар әкімшісінің басшылығы ерлер қауымына  мықты денсаулық, отбасылық саулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Мереке қарсаңында соттың әйелдер қауымы барлық шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, естеліктер мен дипломдар берді.

Экономикалық сотта салтанатты жиын өтті

06/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға сот төрағасы А.Жұмағұлов, судьялар және сот мамандары қатысты.

Мерекелік жиын Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты орындалуымен басталды.

Судья А.Абдрахманова сот ұжымының ер азаматтарына мықты денсаулық, бақыт және игілік тілей отырып, мерекелерімен құттықтады.

Есіл аудандық сотының әйелдер қауымы өз ұжымдарының ер-азаматтарын құттықтады

06/05/2016

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Астана қаласы Есіл аудандық сотының әйелдер қауымы өз ұжымдарының ер-азаматтарын мерекелерімен құттықтады.

Сот төрағасы Д.Әбдіғалиев құттықтай отырып, Отан қорғаушылар күні Қазақстанда мемлекеттік мейрам болып табылатынын, бұл мереке жыл сайын 7 мамырда аталып өтілетінін айтты. 1992 жылдың дәл осы күні Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Сарыарқа аудандық сотының судьялары ардагерлерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының судьялары ҰОС-ның ардагерлері 90 жастағы В.Е.Сонинмен және 93 жастағы М.В.Козловпен кездесті.

Судьялар ардагерлерге соғыс уақытының зардаптарын, барлық ауыртпашылықтарын көріп, соғыстан кейінгі бейнетті жылдарды артқа тастап, ел дамуына өлшеусіз қосқан еңбектеріне шексіз ризашылықтарын  білдірді.

Осы кездесудің естелігі ретінде ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін жаза

06/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 188-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (Ұрлық, яғни тұрғын немесе қызметтік үй-жайға заңсыз кірумен бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру).

Сот талқылауы барысында 2015 жылғы 8 желтоқсанда Б. адамдар тобының басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, Астана қаласындағы пәтерлердің біріне кіріп, О-ға тиесілі мүлікті жасырын жымқырғаны анықталды.

Сарыарқа аудандық сотында салтанатты жиын өтті

06/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында осы демалыс күндері аталып өтілетін екі айтулы күнді - Отан қорғаушылар күнін және Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сот төрағасы А.Жүкенов сот ұжымының ер-азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, кәсіби қызметте табыс, бақыт, отбасылық игіліктер және мықты денсаулық тіледі.

Кінәні мойындау-процестік келісім

06/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасының және судьяларының, Астана қаласы Алматы ауданының прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Кінәні мойындау- процестік келісім»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар процестік келісім және оны бекіту тәртібін, сондай-ақ келісілген іс жүргізуді бекіту тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Іс-шараның соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Сот қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындады

06/05/2016

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 296-бабының 1-бөлігі бойынша М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2015 жылғы 23 тамызда полиция аға лейтенанты әкімшілік участкені қарауы кезінде М-ны ұсталғаны, оның ерекше иісті өсімдік тектес затты шегу жолымен пайдаланғаны анықталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес канабиноидтарды шеккен фактісі анықталған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында дөңгелек үстел өтті

06/05/2016

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төрағасының және судьяларының, Астана қаласының ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшыларының және қатардағы қызметкерлерінің қатысуымен, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс құжаттарын қалыптастыру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті.