Архив событий

04/05/2016

Бұрынғы ерлі-зайыптылардың мүлікті бөлу бойынша даулары медиация тәртібінде шешілді

04/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында А-ның Ж-ға қатысты бірлесіп жинаған мүлікті бөлісу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар медиативтік келісім жасады, оның талаптары бойынша жауапкер талапкерге пәтерден оған тиесілі 1\2 үлесін береді, А-ның пәтер иелену бойынша шығын сомасын және өкілдің көмегін төлеу бойынша шығындар төлеуге міндеттенеді.

Талапкер өз кезегінде «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ-ның алдындағы міндеттерді өзіне алады.

Сарыарқа аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

04/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында сот судьяларының және мамандарының, прокуратура өкілдерінің және кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Істерді қарау кезінде медиацияны қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы жиында А.Жүкенов медиаторларға халықпен ақпараттық жұмыс, медиаторлардың басқа да мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау қажеттігін айтты.

Алкогольдік масаңдық салдары

04/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-ның 346-бабының 1-бөлігі бойынша К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысы барысында 2016 жылғы 4 қаңтарда К. сот қаулысы негізінде үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған тұлға бола отырып, жеңіл түрдегі алкогольдік масаң күйде  «LADA 217030» маркалы автокөлікті жүргізгені анықталды.

Сот үкімімен Б. кінәлі деп танылды және оған автокөлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырумен, 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арыздан бас тартты

04/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында азамат Ш-ның азамат А-ға, «СКС» ЖШС-ға, жеке сот орындаушысы К. ІІД ММ-нің жол полициясы басқармасына қатысты мүлікті тыйым салудан босату туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер және жауапкер А-ның арасында сатып алу-сату шарты жасалғаны, оның талаптары бойынша талапкер жауапкерден «PorscheCayenne» маркалы автокөлігін өз атына қайта ресімдеместен сатып алғаны анықталды. Астана қаласының ІІД ЖПБ ААІЖ мәліметтеріне сәйкес иеленген автокөлікке тыйым салынған.

Есірткі затын сақтағаны үшін айыппұл

04/05/2016

Астана қаласы Сарыарқа ауданының  №2  аудандық сотында ҚР ҚК-ның 296-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау).

Сот заңдық фактілерді белгілеу туралы талап арыздан бас тартты

04/05/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында азамат Е-нің меншік құқығындағы мүлікті пайдаланудың және иелік етудің заңдық фактілерін белгілеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта 2010 жылы «З» бағбандық қоғамы мүшелерінің жалпы жиналысы хаттамасының негізінде талапкерге жер телімі берілген.

Алайда, Астана қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде талапкерге жер теліміне меншік құқығын беруден бас тартылған.