Сот электр қызметі үшін қарызды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына аз.М-ға қатысты қарызды өндіру туралы арызбен жүгінді.

Сотта анықталғандай, жауапкермен электр қызметіне төлем жасау міндеттері бұзылған, соның нәтижесінде талапкер алдында қарыз жиналған.

Жауапкер электр қызметі үшін төлем жасау міндетінен жалтарған.

Сот шешімімен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің жауапкерден қарыз сомасын өндіру талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі