Заңсыз жұмыстан босатылған мұғалім лауазымына қайта оралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         Талапкер елордадағы орта мектептің бірінде химия пәнінің мұғалімі және лаборант болып жұмыс істеген.

         2017 жылдың басында мұғалімді әрі қарай осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын жат қылығы үшін жұмыстан шығарылған, алайда Астана қаласы Білім басқармасының коммиссиялық тексерісі талапкер тарапынан қандай да бір қателікті бұзу бойынша фактілерді анықтамаған.

         Сонымен бірге, мектеп өкілдері өз қызметкерінің жат мінезін растайтын сенімді дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған.

    Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты мұғалімді бұрынғы лауазымына орналастырды және мәжбүрлі түрдегі жұмыста болмау уақытындағы 200 мың теңгеден аса жалақы сомасын өндірді.

         Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі