Халықаралық түрме реформасының (PRI) өкілдері ювеналды сотқа келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасындағы Еуропа Одағының өкілдігінің қолдауымен Халықаралық түрме реформасының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында, сотпен көпжылғы ювеналдық соттармен Халықаралық түрме реформасы (PRI) арасындағы өзара іс-қимыл және мықты ынтымастықтары жөнінде айтылды. Ювеналдық сотының психологы Ж.Дутбаева және Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының психологы Н.Красниковамен психологтардың жұмысымен танысу өткізіліп, сот залынан онлайн аудио-бейне бақылау арқылы психологтың баламен сұхбаттасуы көрсетілді.

Өтіп кеткен мерекенің құрметіне Халықаралық түрме реформасы(PRI)  бала бөлмесін әртүрлі ойын-сауық ойыншықтарымен безендіріп, сурет салу сабағына арналған столымен және сирек кездесетін сынақтама дискісімен қамтыды.

Іс-шараның соңында ювеналдық сот Халықаралық түрме реформасына(PRI)  алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі