Жауапкер эксплуатациалық шығындар бойынша қарыз сомасын өтейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«С» өндірістік кооперативі  жауапкер тұратын көп пәтерлі үйдің қызмет көрсетуші ұйымы болып табылады.

Іс материалдарына сәйкес, 2014 жылдың қаңтар айынан 2017жылдың қаңтар айы аралығында жауапкер эксплуатациалық шығыстар бойынша «С» ӨК алдында қарыздар екені анықталды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, үй-жайлардың меншік иелерi ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден эксплуатациалық шығындар бойынша қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі