Архив событий

29/03/2017

Алматы аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

29/03/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында төраға Ғ.Нәсірдінов және судьялардың қатысуымен: «Дауларды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында төраға Ғ.Нәсірдінов пилоттық жобаның мақсаты азаматтық сот істері бойынша даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу болып табылатындығын атап айтты.

Астана қаласының тұрғыны велосипед және ұялы телефон ұрлығын жасады

29/03/2017

Азамат Ж. елордадағы көпқабатты үйлердің кіреберісінде тұрған 12 велосипедті ұрлап, жәбірленушілерге аса үлкен көлемде материалдық шығын келтірген.

Оған қоса, сотталушы екі Iphone 5S маркалы ұялы телефонын ұрлаған.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінді.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен сотталушы жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына және шығынды өтеуіне байланысты 11 ұрлық бойынша қылмыстық іс қысқартылды.

Тараптар дауды медиация тәртібімен шешті

29/03/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «М» ЖШС-нің «Астана су арнасы» ШЖҚ МҚК-нен бітеліп қалған арматурамен пломбаның жұлынып кетуіне төленген төлемді жою туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері медиативтік келісім шартымен бекіту туралы арызбен жүгінді.

Қазақстан Республикасы АПК-тің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес іс бойынша тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс жүргізуді тоқтатылады.

Қылмыстық процесте халықаралық шарттарды қолдану түсіндірілді

29/03/2017

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында судья К.К.Дуйсембиевтің кездесуімен «ҚАЗГЮУ» университеті  студенттеріне «Қылмыстық сот өндірісінде халықаралық-құқықтық актілерін қолдану» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Сот «Егемен Қазақстан » АҚ-ның пайдасына қарыз сомасын өндірді

29/03/2017

Азамат М.  «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті АҚ-да қызмет атқара отырып, жұмысберушімен келісім шарт жасасып, қоғамдық қордан уақытша пайызсыз 580 000 теңге көлемінде қаржылай көмек алған.

Жұмыстан босатылған соң азамат М. қарыздың барлық сомасын төлемеген, соған сәйкес келісім шарт талабын бұзған.

ҚР АК 272 бабына сәйкес мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс.