Архив событий

14/03/2017

Өрт салдарынан мүгедектік алған азаматқа сот залал шығынын өндірді

14/03/2017

2009 жылы 8 мамырда Астана қаласы Мирзоян көшесі №23 көпқабатты тұрғын үйде «Сауыр - Құрылыс» ЖШС-і  дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан өрт болды.

 Өрт салдарынан үй тұрғындары зардап шегіп,   «Өткір иісті газбен және  толық жанбаған өнімдердің  ауыр дәрежелі көмірсутектермен  улану» диагнозымен ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Судьялардың жүктемесін оңтайландыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

14/03/2017

ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Қ.А.Мамидің судьялардың жүктемесін оңтайландыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясының ғылыми-зерттеу орталығы Астана қаласының аудандық және ауданаралық мамандандырылған соттарымен бірлесе отырып, 2017 жылғы 1 – 31 наурыз аралығында судьяға бір күнтізбелік жыл ішінде жүктеме көлемі бойынша динамикасын айқындау, оның өзгерістері, сондай-ақ судьялар арасында жүктемені біркелкі бөлу мәселелері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізеді.

Сот жауапкерден онлайн-режимде сұрау алды

14/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында талапкер К.-дан  жауапкер Х.-ға қатысты келісім  шартты орындамау салдарынан келтірілген залалды өтеу бойынша азаматтық іс қаралды.

Жауапкер тергеу изоляторында болуына байланысты, соттан істі бейнеконференциялық байланыс арқылы өткізуін өтінді.

Сот отырыстарын бейнеконференц байланыс арқылы жүргізу сот өндірісін оңтайландырып, жақтардың заңнамамен көзделген азаматтық – процестік құқықтарын сақтай отырып, істерді қарау мерзімін жеделдетеді.

Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция

14/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында Астана қаласы Есіл аудандық прокуратурасының өкілдері мен сот мамандарының қатысуымен «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сотқа дейін жеңілдетілген іс жүргізудің артықшылықтары

14/03/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында «Сотқа дейін жеңілдетілген іс жүргізуді ұйымдастыру және  қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына  судьялар,  прокуратура органдарының және Астана қаласы Сарыарқа ауданының ІІБ-ы өкілдері қатысты.