Қылмыстық процесте халықаралық шарттарды қолдану түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында судья К.К.Дуйсембиевтің кездесуімен «ҚАЗГЮУ» университеті  студенттеріне «Қылмыстық сот өндірісінде халықаралық-құқықтық актілерін қолдану» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Қылмыстық сот өндірісінде Республиканың Конституциясының құрамдас бөлігі ретінде халықаралық-құқықтық актілер және басқа да міндеттемелер арқылы Қазақстан Республикасы заңдары артықшылыққа ие. Халықарылық шарттар сот төрелігі арқылы азаматтарды құқық қорғау,бостандық пен заңды мүдделерін қорғауда ерекше роль атқарады, осы себепті керек жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберіндегі халықаралық нормаларды сақтауға міндеттелген.

Кездесу соңында судья қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысты студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға нақты жауап берді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі