Архив событий

01/03/2017

Астана қаласының Есіл аудандық соты брифинг өткізді

01/03/2017

Астана қаласының Есіл аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сотта татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша брифинг өткізілді.

 Брифинг барысында сот төрағасы соттың сандық және сапалық көрсеткішін атап өтті.

Сақтандыру дауы медиация тәртібімен қаралды

01/03/2017

        Азамат И. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына «Цесна Гарант» АҚ сақтандыру компаниясына қатысты жол көлік оқиғасы салдарынан сақтандыру төлемін өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

         Сот отырысында анықталғандай, азамат К. кінәсінен жол көлік оқиғасы орын алып, талапкердің автокөлігіне материалдық зақым келтірілген.

         Азамат К. автокөлігі «Цесна Гарант» АҚ компаниясымен сақтандырылған.

КазГЮУ университеті студенттеріне дәріс сабағы

01/03/2017

            Астана қаласының Есіл аудандық соты «Азаматтық іс жүргізудегі татуластыру рәсімдері» тақырыбында КазГЮУ университетінің 3 курс студенттеріне дәріс сабағын өткізді.

            Сот төрағасы Д.А.Әбдіғалиев өз сөзінде, азаматтық істер қарау барысында тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасауға құқылы екендігін атап өтті.

              Сонымен қатар студенттер еліміздегі конституциялық реформаларға қызығушылықтарын білдірді.

Алматы аудандық сотында дәріс сабағы өткізілді

01/03/2017

            Астана қаласының Алматы аудандық сотында судьялар және сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

       Іс – шара қатысушылары Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.

            Сонымен бірге, мемлекеттік органдармен хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізілетіндігін, оның соттағы іс жүргізуді ұйымдастыруға оңды ықпал ететіндігі айтылды.

Сот жүйесінің ашықтығы

01/03/2017

Астана қаласының Есіл аудандық сотында Ашық есік күні өтті. Дәстүрлі шара аясында келген азаматтарды Астана қалалық сотының судьясы Қ.Р.Айтжанов пен сот төрағасы Д.А.Абдуғалиев қабылдады.

Іс-шара  халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін және сот төрелігіне қол жетімділікті  арттыру мақсатында өткізілді.

Астана қалалық сотының судьясы К.Р.Айтжанов пен сот төрағасы Д.А.Абдуғалиев азаматтардың және заңды тұлғалардың  сұрақтарына жауап  берді.

Зақымдалған дуал мен үйге келтірілген залалды жүргізуші төлейді

01/03/2017

2016 жылы 28 тамызда азамат А. «Газ» автакөлігін басқара отырып, металлдан жасалған дуал мен кірпіш үйге соққан.

Азамат Н. Астана қаласы Алматы аудандық сотына азамат А.-ға қатысты келтірілген материальдық шығынды өндіру бойынша талап арызбен шағымданған.

Елордалық коммуналдық қызметі өз тұтынушысымен татуласты

01/03/2017

«Астана-Тазалық» ЖШС-і  Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына елорда тұрғынынан қатты тұрмыстық қоқыс қалдықтарын жинау қызметі бойынша берешекті өндіріп алу туралы арызбен жүгінді.

Сот талқылауы барысында, тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхаттарын ұсынды, соған сәйкес жауапкер көрсетілген қызмет үшін барлық соманы төлеуге міндеттелді.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібінде реттеу туралы келісімі бекітілді.

Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамасын бағалау

01/03/2017

Астана қаласының Есіл аудандық сотында судьялыққа үміткерлердің тағылымдамасы бойынша жедел кеңес өткізілді.

Іс-шараға Астана қалалық сотының отставкадағы судьясы Ф.Г.Құрманова, сот төрағасы Д.Ә.Әбдіғалиев және судья-тағылымдама жетекшілері мен тағылымдамадан өтушілер қатысты.