Архив событий

27/03/2017

«24 Хабар» телеарнасы үшін түсірілім жүргізілді

27/03/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «24Хабар» телеарнасының «Талдау» телебағдарламасы үшін Казақстан Республикасының Жоғарғы Сотының электрондық іс жүргізу пилоттық жобасына арналған арнайы шығарылымының түсірілімдері өтті.

Түсірілім барысында судьялар бұйрық арқылы іс жүргізу істерін қарау бойынша пилоттық жобаның міндеттері мен мақсаттарын атап өтті.

«Төрелік туралы» Заңды қолдану

27/03/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында адвокаттар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «Төрелік туралы» Заңды қолдануды талқылау үшін кездесу өткізілді.

Судья С.Кабидолдина Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 8 сәуірдегі «Төрелік туралы» Заңы Қазақстан Республикасының аумағында төрелік қызмет процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтінін атап өтті.

Пәтер алаяғы сотталды

27/03/2017

2015 жылы бұрын сотталған Т., ауызша түрде өзінің таныстары арқылы Астана қаласының сол жағалауындағы «Жағалау3», «Северная корона»  тұрғын жайлардан арзан бағада заңды жолмен пәтер алып беремін деп өтірік ақпарат таратқан.

Сотталушы жәбірленуші К. мен О.-ға Мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп жатқан пәтерлерді беретін мемлекеттік қызметте туыстары бар екенін айтқан.

Сот Қазақстан азаматына елімізден шығуға рұқсат берді

27/03/2017

Талапкер К. Ресей Федерациясына тұрақты тұруға кету үшін құжаттар дайындаған.

Алайда талапкер әкесінен Қазақстан шегінен шығуына нотариалды куәландырылған келісімі жоқ болуына байланысты, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына рұқсат алу үшін шағымданған.

Сот талқылауы барысында талапкердің ата-анасы ажырасқаннан кейін, әкесі қызының тәрбиесіне араласпағаны және оның қызымен байланысын үзгені анықталды.

Сот отырысына кешіккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

27/03/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында сотталушы Б.-ға қатысты бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша қылмыстық іс қаралды.

 Сот талқылауы барысында, сотталушы Б. сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, атап айтқанда  сот мәжілісіне себепсіз кешігіп келген. Бұл әрекеті сот мәжілісінің дыбыс-бейне жазбасында сақталған.

Осы аталған факт бойынша судья ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1 бөлігіне сәйкес, сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін 20 АЕК  мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.