Архив событий

10/03/2017

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы

10/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот бостандығын шектеп, мәжбүрлі еңбекке тартты

10/03/2017

2016 жылы 3 қыркүйекте сотталушы Д. жәбірленуші К-нің бетіне бірнеше рет соққы жасап, оған тиесілі ақшалай қаражатты ашық түрде жымқырған.

Сосын сотталушы Д.-ның оқиға болған жерден бой тасалап, тоналған заттарды өз бетінше пайдаланғаны анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Д. ҚР ҚК-нің 191 бабы, 2 бөлігі, 1 тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілену арқылы 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Алименттен жалтарған әке өтемақыны төлейді

10/03/2017

Ата-аналар бірге немесе бөлек тұрсын кәмелет жасқа толмаған балаларын қамтамасыз етуге міндетті.

Осылайша, баланың анасы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына бұрынғы күйеуіне қатысты 2012 жылдың маусым айынан 2016 жылдың қараша айына дейін атқару құжаттары бойынша алиментті уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын өндіру туралы арызбен жүгінді.

OLX – тағы хабарлама

10/03/2017

2017 жылы 12 қаңтарда А. OLX сайтында «Nikon D3200» маркалы фотоаппараты мен «Viltrox» фотожарқылын жалға беру хабарламасын табады.

А. жоғарыда аталған заттарды  иесінен алып, жеке куәлік көшірмесі мен 5 000 теңге ақша қаражатын қалдырып кеткен,  содан кейін  ол тығылып және белгіленген мерзім ішінде тауарды қайтармаған.

Нәтижесінде, жәбірленуші М.-ға  жалпы сомасы 150 000 теңге болатын материалдық зиян келтірілгені анықталды.

Автокөлік қозғалтқышын орнату бойынша дау медиация тәртібімен реттелді

10/03/2017

Елорда тұрғыны достарының ұсынысымен «А» ЖК-дан тиісті соманы төлеу арқылы көлік қозғалтқышын сатып алған.

Сатып алынған тауар ақау күйде болып шыққан, соның салдарынан талапкер автокөліктің қозғалтқышын уақытылы орната алмаған.

Сот талқылауы барысында тараптардан сотқа медиациялық келісім ұсынылған, соған сәйкес жауапкер қозғалтқыштың сомасын толық көлемде өтеуге міндеттенген, өз кезегінде талапкер өз талаптарынан бас тартқан.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының анықтамасымен медиациялық келісім бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.