Архив событий

15/03/2017

Астана қалалық соты шетелдік қонақтарды сот жүйесіне енгізілген технологиялармен таныстырды

15/03/2017

Бүгін  елордалық сотқа Египет Араб Республикасы Конституциялық Жоғарғы Сотының делегациясы келді.

Кездесуде «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында жүргізілген сот реформасы талқыланды.

Астана қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Р.О.Тауымбеков,  сот жұмысын ұйымдастыруды зерделеу шеңберінде сот жүйесіне енгізілген заманауи ақпараттық технологиялармен таныстырып, заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетті.

Білім және ғылым министрлігінің экс – вице – министріне қатысты сот талқылауы басталды

15/03/2017

Алматы ауданының №2 аудандық сотында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап еткені үшін айыпталған ҚР білім және ғылым министрлігінің экс-вице-министрі С.Б.Шаяхметовке қатысты (ҚР ҚК 176 бап, 4 б, «б» т.) қылмыстық іс бойынша сот талқылауы басталды.

Сонымен  бірге, сотқа тартылғандар қатарында осы бап бойынша және аса ірі мөлшерде алаяқтық  жасағаны үшін (176 бап, 4 б, «б» т , 177 бап, 4 б, «б» т)  сотталушы А.В.Пакта бар.

Сот тергеуі басталып,  мемлекеттік айыпталушымен сотталушыларға қатысты айып тағылды.

Ұры жәбірленушімен татуласты

15/03/2017

Ер адам өтелмеген соттылығы бола тұра, «Тоғас» дүкенінен алкоголь өнімдерін ұрлаған.

 Қылмыстық әрекетін жалғастыра отырып, ол «Керуен» СОО-да орналасқан «Технодом» дүкенінен  ноутбук пен «Iphone 5S» маркалы телефонын ұрлаған.

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші медиациялық келісім  бойынша татуласып,  келтірілген материалдық шығынды толық өтеген.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылды.

Бала күтушіге қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

15/03/2017

2016 жылы 16 тамызда сотталушы С., Астана қаласының бір пәтерінде бала күтуші ретінде жәбірленуші Р-ға жұмыс істеп жүріп, оған тиесілі заттарды жасырын ұрлаған.

Сот талқылауы барысында, сотталушымен медиация тәртібі арқылы татуласуына байланысты, жәбірленушіден іс өндірісін тоқтату туралы ходатайство келіп түскен.  

 Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен ұрлық жасаған бұрынғы бала күтушіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Тауып алынған есірткі жазаға әкеп соқты

15/03/2017

2017 жылы 10 ақпанда Астана-Қарағанды бағытындағы «Думан» бақылау – өткізу пункіндегі тексеріс кезінде сотталушы О.-дан салмағы 3,6334 грамм болатын марихуана есірткісі табылды.

 Сотта сотталушы О. тағылған айып бойынша өзінің кінәсін толық мойындап, Теміртау қаласындағы «Дархан» дүкенінің алдынан ішінде марихуана есірткісі бар пакет тауып алғанын айтты.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен О. ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 тармағымен кінәлі деп танылып, 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа жаза тағайындалды.