Архив событий

09/03/2017

Есіл аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

09/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Дауларды жекелеген санаттар бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Дөңгелек үстелге судьялар, судьялыққа үміткер-тағылымдамадан өтушілер, кәсіби медиаторлар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында судья Г.М.Башенова, азаматтық сот өндірісінде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдануды енгізу бойынша пилоттық жобаның өзектілігін атап өтті.

Сарыарқа аудандық соты медиация туралы пилоттық жобаны түсіндіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде

09/03/2017
26 қаңтар 2017 жылы Жоғарғы Сот азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды)медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаны бекітті.

Сот куәгерден онлайн-режимде жауап алды

09/03/2017

2017 жылдың 6 наурызында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот отырысының хатшысы А.Сарсеновтың қатысуымен онлайн режимде ҚР ҚК 307 бабы 1 тармағында қарастырылған қылмысты жасау күдігі бойынша К-ға қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде азамат Ж-дан жауап алынды.

Аталған қылмыстық іс Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты өндірісінде  жатыр.

 Астана қаласында тұратын азамат Ж-дан жауап алудың қажеттілігіне байланысты экономикалық сот аудио-бейне құралдарымен жабдықталған сот залымен қамтамасыз етті.

Сарыарқа аудандық соты Судья әдебі кодексінің талаптарын талқылады

09/03/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында Астана қалалық сотының Судья әдебі жөніндегі комиссия мүшесі, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Тілеубаеваның төрағалық етуімен Судья әдебі кодексінің талаптарын талқылау бойынша семинар өткізілді.

 Іс-шара барысында судья Судья әдебі кодексінің негізгі принциптерін атап өтті.

Экономикалық сотта Ашық есік күні өткізілді

09/03/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Тұран» заң колледжінің студенттері келді.

Сот қызметкерлері студенттерді сот кеңсесінің жұмысымен, ақпараттық-анықтамалық киосктің, электронды сервисті қолдану үшін электронды интерактивті тақтамен таныстырды.