Архив событий

16/03/2017

Сотқа дейінгі дауларды реттеу туралы пилоттық жобаны іске асыру

16/03/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы өкімімен бекітілген дауларды жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаның ақпараттық сегментін іске асыру мақсатында, Астана қаласы Есіл аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіғалиев пен кәсіби медиатор Г.Нарыбаева  Bnews.kz ақпараттық – талдау порталында «Медиация дауларды реттеудің бірден – бір тәсілі» тақырыбында бинарлы онлайн – конференция өткізді.

Судья «Астана» радиосы арқылы банктік қарыз туралы заңды түсіндірді

16/03/2017

Соңғы уақытта банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктердің, ұйымдардың сот органдарына талап – арызбен жүгінуінің елеулі артуы байқалады, негізінен банктің келісім шарттың міндеттемелерін орындауға байланысты болып келеді.

 Бұл ретте,  қарыз алушылар мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы даулардың саны басым.

Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесін түсіндіру мақсатында Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ұ.Қанқұлов «Астана» радиосында сұхбат берді.

Сот медиациясын жетілдіру

16/03/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында судьялар мен «Медиация дамыту орталығы» РҚБ-нің медиаторларының қатысуымен «Сот медиациясын жетілдіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында судья А.Е.Молдыбаева өзінің баяндамасында Жоғарғы Соттың әзірлеген пилоттық жобаның артықшылықтары мен міндеттерін түсіндірді. Сонымен бірге медиация тәртібімен міндетті сотқа дейінгі дауларлы реттеуді жекелеген санаттар бойынша жүзеге асыру жөніндегі пилоттық жобаның мақсаттары мен ережелерін түсіндірді.

Мас күйінде автокөлік құралын басқарудың өтемі

16/03/2017

 2017 жылы 10 қаңтарда ер адам Лада маркалы автокөлігін мас күйінде басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Соқтығысу нәтижесінде жәбірленушіге материалды залал келтірілген.

 Сот талқылауы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазаға тартылды.

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

16/03/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін Ж.-ға қатысты жеке айыптау тәртібімен берілген шағым бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында сотталушы сот отырысының тәртібін сақтамай, ерсі қылықтар жасап, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен. Аталған жағдай сот процесінің дыбыс-бейне жазбасында тіркелген.