Архив событий

24/03/2017

ЮНИСЕФ-пен өзара қарым – қатынас

24/03/2017

Астана қаласы Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жоғарғы Сот және  ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесу өтті.

Жоғарғы Соттың судьясы Г.Б.Ақ-қуова Қазақстанда  ювеналды әділетті енгізу бойынша жасалған бірінші зерттеулердің қалай жасалғандығы және БҰҰ –ның балалар құқықтарын қорғау Комитетінің ұсынымдарының іске асырылуы жөнінде айтып кетті.

Сарыарқа аудандық сотында сотқа дейінгі дауларды реттеу бойынша пилоттық жобаның артықшылықтарын талқылады

24/03/2017

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «Дауларды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы (одағы)» ЗТБ, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ медиаторлары қатысты.

Қылмыстық іс жүргізудегі медиация

24/03/2017

Астана қаласының Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотында «Тұран – Астана» университетінің студенттеріне «Қылмыстық іс жүргізудегі медиация» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

 Төрағаның міндетін атқарушы Б.Т.Төрегелді медиатор сұрақтарды шешу қажеттігі бойынша дауға сәйкес жақтар арасындағы келісімге жету мақсатын алға қоятынын атап өтті.