Архив событий

07/03/2017

Астана қалалық сотында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті

07/03/2017

Бүгін  8 наурыз әйелдер мерекесі қарсаңында Астана қалалық сотында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараның салтанатты бөлігін қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының сот төрағасы А.К.Кенжеғарин құттықтау сөздерімен ашып, әйелдерге өзінің ізгі тілектерін білдіріп, сот жүйесін дамытуға қосқан үлкен үлестері үшін алғысын жаудырды.

Астана қалалық және аудандық соттардың нәзік жанды судьяларын Астана қаласы Судьялар Одағы сот қауымдастығына белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Сарыарқа аудандық сотында салтанатты жиын өтті

07/03/2017

Бүгін Сарыарқа аудандық сотында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға қатысқан ханымдарды сот төрағасы А.Жүкенов ұжым атынан төл мерекелерімен құттықтай келе, әйелдердің қоғам мен оның құндылықтарын дамытудағы зор үлесіне мемлекет Басшысының үнемі  мән беретіндігін атап өтті.

Есіл аудандық сотының ұжымы нәзік жандыларды мейрамымен құттықтады

07/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық соты ұжымдағы нәзік жандыларды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

 Жиынға қатысқан ханымдарды сот төрағасы Д.Әбдіғалиев құттықтап, зор денсаулық пен әйел бақытын тіледі.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тауып, сыйлық табыстаумен аяқталды.

            

Көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық бойынша сот қаулыларының орындалуы

07/03/2017

 Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судьялар Г.К.Жолдасбаева, А.Г.Кайдарова «Көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық бойынша сот қаулыларының орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Астана қаласы көші-қон қызметінің және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілдері қатысты.

Елорда тұрғындары процессуалдық шығындарды төлейді

07/03/2017

       Астана қаласы Есіл аудандық Прокуратурасы талдау жүргізу барысында төрт елорда тұрғынынан есірткі құралдарын сақтау, мақсатынсыз қолдану және тасымалдау фактісін анықтады.

               Өткізілген сот-сараптамалық зерттеулер тәркіленіп алынған заттар – кептірілген марихуана есірткісі екендігін дәлелдеді.

         Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушылар кінәлі деп танылып, олар қамауға және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рақымшылық заңын қолдану

07/03/2017

 Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы және пробация қызметі өкілдерінің қатысуымен рақымшылық заңын қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

   Іс-шара барысында судья Қ.Тобағалиұлы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау» Заңына түсініктеме бере отырып, сотталғандарға қатысты заңды тиімді қолдану жолдарын  түсіндіріп өтті.

Мемлекеттік сатып алудың кезекті жосықсыз қатысушысы

07/03/2017

2016 жылы «Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ мен «Ф» ЖШС арасында мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалған.

Келісім- шарт бойынша жауапкер Астана қаласындағы тұрмысы төмен отбасыларын 2 102 247,84 теңгені құрайтын азық-түлік пакеттерімен қамтамасыз етуге міндеттенді, алайда жауапкер қызметті ұсыну мүмкіндігі жоқтығын алға тартып, бас тарту туралы хат жолдады.