Архив событий

06/03/2017

Сот реформасын қолдау

06/03/2017

Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Р.Раззақ  «Қазақстанда сот реформасын қолдау: осал санаттағы сотталушылардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін арттыру» жаңа жобасы бойынша бірінші аймақтық кездесуге қатысты.

Дәрігерлердің ісі бойынша үкім шықты

06/03/2017

2016 жылы 4 ақпан 20.30 сағат шамасында медициналық көмек бригадасымен Астана қаласы «№2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК –ға өте ауыр жағдаймен 57 жастағы науқас «ST сегментінің көтерілуінсіз жедел конорарлы синдром» диагнозымен түскен.

Жүрек талмасы миокардасын алдын-алу бойынша тексеріс жүргізіп, нәтижесі бойынша дәрі-дәрмекпен емдеу тағайындалған.

Әкімшілік жазаны қамаққа алу түрінде қолдану

06/03/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік жазаны қамаққа алу түрінде қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

 Семинар барысында Астана қалалық сотының судьясы К.Айтқалиева, әкімшілік қамақ- әкімшілік жазалау түрі, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды қоғамнан оқшаулау деген ұғымды білдіретінін атап өтті.

Әкімшілік сотта Ашық есік күні өтті

06/03/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Астана қалалық сотының судьясы А.С.Жакупова, сот төрағасы У.Г.Рахматуллаевтың қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті.

«Ашық есік күні» дәстүрлі шараға Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің өкілдері мен елорда тұрғыны азамат А.Б.Кочетков қатысты.

 Іс-шараны ашқан судья А.С.Жакупова «Судья әдебі кодексіне» қысқаша тоқталып, судья  қызметі барысында ғана емес, қоғамдық өмірде де тәуелсіз  болу керектігін атап айтты.