Архив событий

30/03/2017

Сот жаяу жүргіншінің пайдасына моральдық зиян сомасын өндірді

30/03/2017

Аз.М. көлік құралын басқарып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, нәтижесінде талапкерге орташа ауыр дәрежедегі дене жарақаты келтірілген, ол сарапшының қорытындысымен расталған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкіміне сәйкес, ҚР ҚК-нің 345 бабының 1бөлігімен жауапкер М. қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл көлік құралын басқаруды айырумен және 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қарастырылды.

Жаңа пилоттық жоба – татуластыру рәсімдерін дамытудағы нақты қадам

30/03/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана-Теплотранзит»  АҚ-ның заңгері, «Медиацияны дамыту орталығы» Ассоциациясы РҚБ медиаторлары, сонымен бірге адвокаттар және сот қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында судья С.С.Кабидолдина, пилоттық жобаның мақсаты – даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылатынын атап кетті.

Кәсіпорын пайдасына шығын сомасы өндірілді

30/03/2017

2016 жылы 10 маусымда «Э» ЖШС және аз.Б. арасында еңбек келісім шарты жасалып, соның негізінде ол әкімшілік шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымына жұмысқа орналасты.

Аз.Б. материалды жауапты тұлға болғандықтан, оған материалдар сатып алу үшін ақшалай қаражат бөлінген.

Сотта анықталғандай, аз.Б. келісімшарттың шарттарын орындамай, кассаға ақша тапсырмаған және өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Судья БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

30/03/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы С.С. Кабидолдина «Аtameken business channel» каналы мен «kazpravda.kz»  интернет-редакциясының тілшілеріне дауларды жекелеген санаттар бойынша медиация тәртібімен реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаның жүзеге асыру жолдарын түсіндіру мақсатында сұхбат берді.