Архив событий

13/03/2017

Қазақстан Республикасы сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясы

13/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Қазақстан Республикасы сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Талқылау барысында сот төрағасы сот оқуы ақпаратты таратудың жаңа түрі мен ақпараттық технологияларға негізделген оқытуды жетілдіру тәсілдері мен әдістемелерін қолдана отырып, судьяларға кәсіби дағдылар қалыптастыруға негізделуі тиіс екендігін атап өтті.

Астана тұрғыны химиялық тазалауды сотқа берді

13/03/2017

Ер адам бұрынғы жұмыс берушісінің Алматы қаласындағы «Louis Vuitton» дүкенінен 608 000 теңгеге алған  спорттық киімін елордалық химиялық тазалаудың біріне тапсырады.

Заттарды химиялық тазалаудан алғаннан кейін, ол спорттық киімнің кішірейіп қалғанын байқайды. Соған сәйкес, талапкер Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына жауапкерден материалды залал сомасын өндіріп алу үшін талап арызбен шағымданады.

Жүктемені оңтайландыру

13/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық соты судьялар мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі Академиясының Ғылыми-зерттеу орталығы өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық істер бойынша жүктемені оңтайландыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Талқылау барысында қатысушылар жыл бойғы жүктеменің бір судья үшін шамадан тыс көп екендігі және аталған мәселенің сот төрелігін жүзеге асыру сапасына әсер  ететіндігі  айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылармен тиісті ұсынымдар әзірленді.

Алматы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

13/03/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Қазақстан Республикасы сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы, судьялар және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы  сот төрелігі Академиясының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында, сот оқуы Стратегиясының негізгі мақсаты оқу әдістерінің сапасын, қайта даярлауды және сот біліктілігін одан әрі жетілдіру болып табылады деп атап өтті.

Нашақорлыққа деген әлсіздік соттылыққа әкелді

13/03/2017

Осы жылдың қысында А. Арқалық қаласынан елордаға емтихан тапсыру үшін келген.

Емтихан тапсырып болған соң, А. теміржол вокзалына бара жатып, полиэтиленді пакетте есірткі затын тауып алады.

 Сотталушы мінер алдында есірткіні шегу арқылы пайдаланып, қалғанын қалтасына салған.

 Атбасар станциясында  қызметтік-іздестіру итімен кірген полиция қызметкерлері  А-ның қалтасынан гашиш-есірткі затын тауып алады.

Сот құрылыс компаниясын банкрот деп таныды

13/03/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Шәріп Құрылыс» ЖШС–ін банкрот деп тану туралы азаматтық іс қарады.

 «Шәріп Құрылыс» ЖШС-і тұрғын үйлер құрылысымен айналысқан.

 Сотта  борышкердің 10 миллион теңгеден астам салық қарызы бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырып отырмағандығы, жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің жоқтығы, ақша қаражатының болмауына байланысты қарызды өтеуге мүмкіндігі жоқ.

Есіл аудандық сотында дәріс сабағы өткізілді

13/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын сақтау» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Баяндамамен кеңсе меңгерушісі К.Оспанова сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтарына мемлекеттік құпияларға рұқсат беру, мемлекет алдында өздеріне сеніп тапсырылған  мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жарияламау жөнінде жазбаша міндеттеме қабылдауды көздейтіндігін айта кетті.