Тараптар дауды медиация тәртібімен шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «М» ЖШС-нің «Астана су арнасы» ШЖҚ МҚК-нен бітеліп қалған арматурамен пломбаның жұлынып кетуіне төленген төлемді жою туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері медиативтік келісім шартымен бекіту туралы арызбен жүгінді.

Қазақстан Республикасы АПК-тің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес іс бойынша тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс жүргізуді тоқтатылады.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі