Архив событий

31/03/2017

Сапасыз жұмыс пәтерлердің су басуына алып келді

31/03/2017

 

2013 жылы «А» ЖШС мен «Ф» ЖШС арасында мердіргерлік шарты жасалған. Шартқа сәйкес жауапкер талапкер үшін сантехникалық жұмыстар атқарған (су құбыры және канал жүргізу).

Жауапкермен жасалған сапасыз жұмыстың нәтижесінде жылумен қамтамасыз етудің магистральді құбыры жарылып, «Лазурный квартал» тұрғын үйіндегі үш пәтерді су басқан.

Сотта  анықталғандай,  пәтер иелеріне 1 млн теңге шамасында зиян келтірілген.

Азаматтық істерді қарау тәжірибесі

31/03/2017

 

Астана қаласы Есіл аудандық сотында Астана қалалық сотының судьясы А.К. Рамазанованың, сот төрағасы мен судьялардың  қатысуымен «Азаматтық істер бойынша сот талқылауын кейінге қалдыру тәжірибесін талдау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Жұмыс барысында судья А.К. Рамазанова сотта қаралып жатқан істерді тез әрі сапалы түрде шешудің басты талабы -  іске қатысушы тұлғалардың соттың шақыруымен сот отырысына уақытылы қатысуы болып табылатындығын айтты.

Сот жүйесінде жемқорлық қаупінің алдын алу және оны жою

31/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Сот жүйесінде жемқорлық қаупінің алдын алу және оны жою» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

 Іс-шараға сот төрағасы мен судьялар, судьялыққа үміткерлер, мамандар мен тәжірибеден өтушілер қатысты.

Сот талапкердің пайдасына салық берешегін өндірді

31/03/2017

«Ж» ЖШС мен аз.А арасында жылжымайтын мүлікті қолдану келісім шарты жасалып, шартқа сәйкес талапкер жауапкерді уақытша пайдалануға тұрғын үймен қамтамасыз етті.

Жауапкер келісім шарт жасасқан уақыттан бері жылжымайтын мүлік салығы мен қазіргі уақытта дейін салық берешегін төлемеген.

ҚР АК 9 бабының 4 тармағына  сәйкес құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.

Заманауи Қазақстандық қоғамның гендерлік саясаты

31/03/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға судьялар, судьялыққа үміткерлер, сот мамандары және Астана қаласы әкімдігі жанындағы гендерлік саясат бойынша Комиссия хатшысы, Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ директоры, қоғамдық (үкіметтік емес) ұйымдардың өкілдері қатысты.