Архив событий

02/03/2017

Мұрағат – соттың жады

02/03/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен «Азаматтық істерді сот кеңсесіне және мұрағатқа тапсыру мерзімі мен тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Бас маман  Л.Оздоева атап өткендей, сот мұрағатының басты мақсаты - құжаттарды сот мұрағатына қабылдауды жүзеге асыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қаралған сот істерін енгізілген тәртіп бойынша пайдалану және есепке алу болып табылады.

Сот заңсыз иемденген жер телімдерін босатуды міндеттеді

02/03/2017

Азамат Ш. Астана қаласының Есіл аудандық сотына «А» ЖШС-ға, «Т» ЖШС-ға, үшінші тұлға Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана қаласы Жер қатынастары басқармасы» ММ, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-ға қатысты жер телімін заңсыз иеліктен босату, құрылысты бұзу туралы талап қою арызымен шағымданды.

Сотта анықталғандай, «А» ЖШС-і талапкердің жер телімінің шекарасында қонақ үй кешені құрылысын бастаған.