Алматы аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотында төраға Ғ.Нәсірдінов және судьялардың қатысуымен: «Дауларды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында төраға Ғ.Нәсірдінов пилоттық жобаның мақсаты азаматтық сот істері бойынша даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу болып табылатындығын атап айтты.

Сонымен қатар, судьялар пилоттық жобаның мақсаттары мен міндеттерін, сонымен бірге медиация тәртібімен дауларды реттеудің артықшылықтарын түсіндіріп, медиация тәртібімен  міндетті шешуге жататын істердің санаттарына тоқталып өтті.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі