Астана қалалық сотының төрағасы интернет-конференция өткізеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 29 шілде айында сағат 10.00 мен 17.00 аралығында қала азаматтары үшін сот жүйесі қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі және айқындылығы қағидасын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев интернет-конференция өткізеді.

Конференция барысында мынадай мәселелер қарастырылатын болады:

  • Астана қалалық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың қызметі
  • жеке және заңды тұлғалардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету
  •  «100 нақты қадам» Ұлт жоспары
  • сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелері
  • электрондық – ақпарат сервистерін пайдалану
  • кадрлық саясат.

Астана қаласы соттарының қызметіне қатысты барлық сұрақтар мен өтініштерді азаматтар Астана қалалық сотының ресми сайтының http://astana.sud.kz/rus/node/add/question сілтемесіне жібере алады. Барлық сұрақтар мен өтініштерге жауаптар сол күні Астана қалалық сотының интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының Баспасөз қызметі