«Қазақ радиосына» сұхбат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы кәмелетке томағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Н.Раззак «Казақ радиосының» радио толқынында «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» тақырыбында сұхбатқа қатысты.

Сот төрайымы Н.Раззак жаңа жылдан бастап сот жүйесі үш буынды жүйеге ауысқанын, Жоғарғы Сотта инвестициялық істер бойынша мамандандырылған сот алқасы және консультативтік Халықаралық кеңес құрылғанын айтты. Судьяларды іріктеу саласында елеулі реформалар жүзеге асырылған, олардың ішінде судья лауазымына кандидаттың жас мөлшері ұлғайту, сот ісін жүргізуге байланысты бес жылдық еңбек өтілі талабын енгізу, жеке тапсырма беру институтын және алғаш қызметке келген судьялар үшін сынақ мерзімін енгізу мәселелері талқыланды.

Сот жюриінің құрамында тәртіптік және біліктіктілік алқа қызмет етеді. Жюри, сынақ мерзімдерін аяқтаған, одан кейін алғашқы бес жылдық және онжылдық судьялық қызметі өткеннен кейін, сондай-ақ, жоғары тұрған лауазымға ауысу кезінде судьялардың кәсіптік деңгейлеріне баға беріледі.

Бағдарлама соңында сот төрайымы кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғауда ювеналдық соттардың ерекше маңызды екенін атап өтті.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі