Бомба туралы жалған ақпарат хабарлаған тұлға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылы 31 қазанда Астана қаласы Есіл ауданының № 2 соты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаған, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкілдерін жария түрде қорлаған К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруде тағылған айып:

2022 жылы 21 тамызда «Астана - Анталья» бағытындағы әуе рейсімен ұшатын әуе кемесінің бортында К. алкогольді мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған. Кеме экипажы деструктивті жолаушы актісімен К.-ні осы рейстен  шығарып, полиция қызметкерлеріне береді. Әуе кемесінің бортынан шығару кезінде К. оң қолымен әуе кемесін көрсетіп, «бомба, ұшақта бомба» деп айқайлап, полиция қызметкерлері мен жұмыскерлерге терроризм актісі туралы ауызша көрінеу жалған хабарлаған.

Астана қаласының құқық қорғау қызметінің қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізу кезінде аталған әуе кемесінен қандай да бір жарылғыш құрылғы таппаған. Осылайша, терроризм актісі туралы хабарламаның жалған екені расталды.

Бұдан басқа, К. шақырумен келген полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, былапыт сөздермен оларды көпшілік алдында қорлаған.

Сот үкімі:

ҚК-нің 273-бабының санкциясында 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ҚК-нің 378-бабы 2-бөлігінің санкциясында 160 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түрінде жаза көзделген.

К. сотқа дейінгі тергеп-тексеруде келтірілген материалдық зиянды толық көлемде өтеді. Талап қойылған жоқ.

Сот К-нің жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған 5 баласының болуын, залалды өз еркімен өтеуін, шын жүректен өкінуін таныды.

Ал қылмыстық құқық бұзушылықты алкогольді мас күйінде жасауын оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай деп таныды.

К. ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты және ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот К.-ға ҚК-нің 273-бабы бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын, ал ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігімен – 30 АЕК мөлшеріндегі 91 890 теңге сомасында айыппұл тағайындады.

Сот үкімімен К. қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаңырақ жазаға сіңіру жолымен проблациялық бақылау белгіленіп, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты