Архив событий

29/10/2022

Сот тұрғын үй кешені жайларының меншік иелерінің құқықтарын қорғады

29/10/2022

МИБ қоршау құрылғыларының орнатылуын заңсыз деп тану және  оларды бөлшектеу жөніндегі міндеттерді жүктеу  туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қойған талабымен сотқа жүгінді.

Талаптарға жауапкердің автопаркинг алаңын автономды үй-жайларға бөле отырып, қоршау құрылғыларын заңсыз орнатуы, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы заңнаманың талаптары мен нормаларын бұзуы себеп болды.

Сот пойыз жолаушысының құқықтарын қорғады

29/10/2022

В. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамдастығына пойыз кілт тоқтағаннан вагонның екінші қабатынан құлап, дене жарақатын алғаны үшін емделу шығындарын және моральдық зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Ол  жеке басының  қиналуымен қатар адамгершілік тұрғысынан да қиналған.

Жауапкер кінәсінің жоқтығына сүйеніп, станцияда маневр жұмыстары кезінде пойыз кілт тоқтағандықтан емдеуге жұмсалған шығындарды өз еркімен өтеуден бас тартты.

Сақтандыру компаниясы да оған өтемақы төлеуден бас тартқан.

Сот сыйға тарту шарты бойынша дауды қарады

29/10/2022

2020 жылы жасалған сыйға тарту шарты бойынша С. көзі тірісінде үлкен ұлы В.-ға абаттандырылған пәтер сыйлаған.

Талапкерлер олардың 88 жастағы қарт анасы гипертония, қант диабеті, артроз сияқты созылмалы аурумен науқастануына,  сондай-ақ анасы - олардың әкесі, яғни  жұбайы қайтыс болғаннан кейін мәміленің мәнін түсінбеген деген уәж келтірді.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот істің барлық мән-жайлары мен ұсынылған дәлелдемелерге баға бере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындыға келді.