Архив событий

19/10/2022

Арыстағы әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан келтірілген залал өндірілді

19/10/2022

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - талапкер, Министрлік) 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан келтірілген 97 млрд. теңгеден астам залалды мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы 16 жауапкерге талап қойып, сотқа жүгінді.

Жауапкерлер бұрынғы әскери қызметшілер болып табылады. Олар қызмет барысында өрт қауіпсіздігі, оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жарату, техникалық бақылау үшін жауапты болған. Бір жауапкер күзет-өрт дабылын орнатуды жүзеге асырған жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы болып табылады.

Сот жеке сот орындаушысының қаулысын заңсыз деп таныды

19/10/2022

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына акционерлік қоғамдастықтан жеке сот орындаушысына қатысты атқарушылық құжатты қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы қаулының күшін жою және заңсыз деп тану туралы талап келіп түсті.

Азаматтық іс бойынша сот ұйғарымымен талапты қамтамасыз ету мақсатында жауапкерлер   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Ж-ның жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.

Сот елорда тұрғынының тұрғын үйге кезегін қалпына келтірді

19/10/2022

С. 2016 жылы «Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж адамдардың есебіне қойылды.

Екі жыл өткен соң С. немересі Н.-ны отбасының құрамына қосты. Осыдан кейін ол да тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебіне қойылды.

С. «Көп балалы аналар» санаты бойынша 2019 жылы кезекке қойылуына байланысты жоғарыда аталған кезектен шығару туралы арызбен  уәкілетті органға жүгінді.  

Банк пен қарыз алушы сотта татуласты

19/10/2022

«Отбасы банк» акционерлің қоғамдастығы банктік заем шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы К.-ға талап қойып,  сотқа жүгінді.

Сотпен «Отбасы банк» акционерлікк қоғамдастығы мен жауапкер арасында банктік заем шарты жасалғаны анықталды. Оған сәйкес, банк қарыз алушыға тұрғын үй сатып алуға кредиттік қаражат берді.

Шарт бойынша міндеттеменің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету үшін қарыз алушы пәтер түріндегі жылжымайтын мүлікті банкке кепілге берді.