Архив событий

03/10/2022

Бейнеролик кейіпкеріне айыппұл салынды

03/10/2022

2022 жылғы 3 қазанда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ұсақ бұзақылық фактісі бойынша П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, П. ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде балағат сөздерді пайдалана отырып, сол жағалауда орналасқан ғимараттар туралы бейнеролик түсірген.

Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).

Татуластырушы судьялар Білім министрлігінің қызметкерлеріне арнап семинар өткізді

03/10/2022

Астана қаласының МАӘС-ның татуластырушы судьялары 2022 жылғы 29 қыркүйекте ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің қызметкерлері үшін семинар-сабақ өткізді.

Семинар-сабақты жүргізуші, Астана қаласының МАӘС-ның татуластырушы судьясы Сәуле Қабидолдина осы татуластыру институтының маңыздылығы мен келешегін атап өтті.

Татуластырушы судья Бағдагүл Бияхметова «Билік органдарымен қоғамдық-құқықтық қатынастардағы даулар бойынша әкімшілік және татуластыру рәсімі» тақырыбында баяндама жасады.

Сарапшының қатысуымен семинар өткізілді

03/10/2022

Судьялар алдында істерді қарау кезінде сараптама тағайындау туралы көптеген сұрақтар туындайды.

Астана қаласының сотында 2022 жылғы 30 қыркүйекте бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың судьялар үшін қожазбаның сот сарапшысы Р.Ш. Агубаеваның қатысуымен семинар өткізілді.

Сарапшы қолжазба мен қолтаңбаға сот-сараптамалық зерттеу жүргізудің ерекшеліктері, қолжазба сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің проблемалық мәселелері туралы айтып берді.

Кәмелетке толмағандармен жасалынатын қылмыстардың алдын алу бойынша семинар өткізілді

03/10/2022

Астана қаласындағы № 16 мектепте 2022 жылғы 29 қыркүйекте сот, прокуратура, ішкі істер органдары өкілдерінің, мектеп басшылығының және жоғары сынып оқушылары ата-аналарының қатысуымен семинар өткізілді.  

Семинар барысында жастар арасындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

«Questra World» және «AGAM» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы мен қатысушылары сотталды

03/10/2022

2022 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге, С.-ға, П.-ға және Б.-ға қатысты айыптау үкімін жариялады.

Қылмыстық тергеу органы Ресей Федерациясының азаматы К.-ны  трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны, сол сияқты оған басшылық жасағаны (ҚР ҚК 264-бабы 1-бөлігі), сондай-ақ қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны  (ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі) үшін айыптады