Архив событий

07/10/2022

Мектеп қабырғасында кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын алу бойынша семинар өткізілді

07/10/2022

Астана қаласының №63 орта мектебінде 2022 жылғы 6 қазанда сот, прокуратура, ішкі істер органдары өкілдерінің, мектеп басшылығының және жоғары сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен кезекті семинар өтті.

Семинар барысында жастар арасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Спикер ретінде Астана қаласы сотының судьясы Шынар Ерғалиева сөз сөйлеп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына және жастарды есірткі бизнесіне тартуға байланысты қылмыстық істердің күннен күнге артып келе жатқанын атап өтті.

Сот 7 жыл бойы борышкерден өз ақшасын ала алмай жүрген азаматтың құқығын қорғады

07/10/2022

2015 жылы елорданың аудандық соттарының бірі азамат А.-дан азамат Қ.-ның пайдасына 2,5 млн. теңге мөлшерінде борыш өндіріп алу туралы шешім шығарды.

2022 жылғы тамызда өндіріп алушы борышкердің сот шешімін тек 2022 жылы орындағанын көрсете отырып, сотқа борышкердің сот шешімін орындамаған барлық уақыты үшін борышкерден индекстеу сомасын өндіріп алу туралы арызбен  жүгінді.

Сотпен Қ.-ның арызы қанағаттандырылып, борышкер А.-дан Қ.-ның пайдасына өндіріп алынған сомаларды индекстеу сомасы 1,2 млн. теңге өндіріліп алынды.

Апелляциялық сот ұлының қайтыс болуына байланысты әйелдің моральдық зиян үшін өтемақы алу құқығын қорғады

07/10/2022

Азаматша Р. сотқа азамат Е.-ге жоғары қауіп көзі келтірген моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаппен жүгінді.

Сотта 2015 жылы Астана қаласында жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі –ЖКО) орын алғаны анықталды.

Жауапкер Е. автокөлікті басқара отырып, басқа А.-ның басқаруындағы көлікпен соқтығысқан, соқтығысқаннан кейін Е. басқарған көлік тротуарға шығып кеткен және үш жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Салдарыынан олардың бірі алған дене жарақатынан қайтыс болған.

Жауапкер Е.-ге қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Сотпен жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығы қалпына келтірілді

07/10/2022

Азамат М. Полиция департаментіне қатысты автокөлік құралдарын басқару құқығын қалпына келтіру туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сотта талапкердің бұрын «А, В, С» санатындағы жүргізуші куәлігі болғандығы анықталды.

Сот шешімімен 2017 жылы М-ның көлік құралдарын басқару құқығы: алкогольді тұтынудың, психикалық және мінез-құлықтың бұзылуы салдарынан, дәрігерлік-консультациялық комиссияның «Нашақорлық синдром» қорытындысына сәйкес тоқтатылған.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі дау бітімгершілікпен аяқталды

07/10/2022

Азамат С. (тапсырыс беруші) ұйыммен (орындаушы) пәтерді жөндеу бойынша қызметтер көрсету шартын жасасты.

Шарт талаптары бойынша ұйым жөндеу жұмыстарын 60 күнтізбелік күн ішінде сапалы орындауға, азамат С. оның қызметтеріне ақы төлеуге міндеттенді. Шартта қосымшада әрлеу бойынша жұмыстар жүргізудің тізбесі айқындалған.

Шарт жасасу кезінде Тапсырыс беруші тарапынан төлем толық көлемде жүргізілді.

Шарттың талаптары бойынша орындаушы қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген ақауларды Тапсырыс берушімен келісілген мерзімдерде жоюды қамтамасыз етуге міндеттенді.

Сот корпоративтік дауға қатысушылардың құқықтарын қорғады

07/10/2022

Біздің мемлекетімізде әркімнің кәсіпкерлік еркіндігіне құқығы бар.

Азаматтар кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкерлер ретінде, сондай-ақ заңды тұлға – серіктестіктер мен коммерциялық ұйымдардың басқа түрлерін құру арқылы жүзеге асыра алады.

Практикада жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушылары арасында даулар сирек емес.

Мәселен, Н. жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өз талаптарын құрылтайшылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібін бұзушылығымен негіздей отырып, жалпы жиналыстың хаттамалық шешімін жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінді.

Сот борыштық міндеттеме бойынша дауды шешті

07/10/2022

А. бір ай мерзімге И.-дің әкесінен 430 мың теңге сомасында қарыз алған.  А.-ға жақын  таныстары кепілдік бергендіктен, ақша беру кезінде қолхат жазылмады. Борышкер  А. өзінің автомобилін және оның кілтін ақшаны қайтарудың  кепілі ретінде қалдырады.

Кейін, И.-дің әкесінің үйде жоқ екенін пайдаланып, борышкер А. бірнеше үшінші тұлғалармен бірге үйге келіп, полицияға жүгінетіні туралы қорқытып, И.-дің ұлынан көлік құралын кілттерімен бірге алып кетеді.