Архив событий

06/10/2022

Алаяқтық жасағаны үшін сотталған тұлға залалды өтеді

06/10/2022

М. алаяқтық жасағаны, яғни екі жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ақшалай қаражатын алдау және сенімін асыра пайдалану жолымен 16 млн. теңге сомасын аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін елордалық аудандық сотының 2022 жылғы 9 тамыздағы үкімімен 5 жыл мерзімге нақты бас бостандығынан айыруға сотталған (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы). Сотпен сондай-ақ М.-ға заң қызметтерін көрсетуге байланысты қызметпен айналысуға 4 жыл мерзімге тыйым салынған.

«Брест-Беларусь» және «Ключ» қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары сотталды

06/10/2022

2022 жылғы 6 қазанда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотымен Қ.-ға, К.-ге, Щ.-ға және С.-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Тергеумен Қ., К., Щ. және С. қаржылық (инвестициялық) пирамида құрды деп айыпталды (ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігі).

Сотта анықталғаны:

2019 жылғы қазан айында Қ. К. және С.-мен қылмыстық келісімге келіп, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару бойынша қылмыстық жоспар құрды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары елорда Әкімдігінің өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді

06/10/2022

Кездесу барысында жария-құқықтық дауларды қарау кезінде татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды. 

Жергілікті атқарушы органның өкілдері азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша әкімшілік рәсімді жүргізу кезінде туындайтын сұрақтарға жауап алынды.  

Судьялар әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау тәртібін түсіндірді, сондай-ақ тыңдау хаттамасын міндетті түрде дайындауға назар аударды. 

Тыңдау хаттамасын электрондық тәсілмен дайындау мүмкіндігі түсіндірілді.

Автокөлік құралы бөтеннің заңсыз иелігінен қайтарылып алынды

06/10/2022

Азамат Б. жауапкерлерге бөтеннің заңсыз иеленуінен талапкерге меншік құқығымен тиесілі автокөлік құралын алып қою туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сот отырысының барысында сот автокөлік құралының иесі Б. болып табылатынын анықтады.

Сотта жауапкерлер автокөлікті кейін сатып ала отырып, уақытша иеленуге алу фактісіне дауласпады және көліктің жоғалғанын мәлімдеді. Алайда автомобильдің жоғалу фактісі бойынша олар құқық қорғау органдарына жүгінбеген, олар талапкерді хабардар етпеген.

Тұлға кісі өлтіргені үшін сотталды

06/10/2022

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айыптау үкімін шығарды.

Тергеу барысында И. аса ауыр қылмыс жасағаны, атап айтқанда кісі өлтіргені, яғни жәбірленуші С.-ны заңсыз қасақана өлтіргені үшін айыпталды, соңғысы өмірлік маңызды органы сол жақ өкпесінің аймағына ас үй пышағымен тиген соққыдан қайтыс болды.

Прокурор айыпты қолдап, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот отырысында И. кінәні ішінара мойындады.

Сот жалға берілетін тұрғын үйді жалдаушының құқығын қорғады

06/10/2022

Астана қаласының Байқоңыр ауданының соты азамат Р.-ның тұрғын үй басқармасы мен тұрғын үй комиссиясына келтірілген залалды өтеу туралы талабын қанағаттандырды.

Іс материалдарынан талапкер мен Басқарма арасында жасалған мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартына сәйкес талапкер мен оның отбасы мүшелеріне пәтер жалға берілгені белгілі болды.

Аталған пәтер талапкерлерге «Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде «жетім балалар» және «ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілді.

Ер адам отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталды

06/10/2022

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты азамат Т.-ны азаптау фактісі бойынша бас бостандығын шектеуге үкім шығарды (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы).

Сотта Т.-ның әйел адаммен және оның жас қызы С. - мен бірге тұратыны және сотталушы Т. С.-ның денсаулығына жүйелі түрде физикалық зиян келтіргені анықталды.

Бұдан басқа, баланың анасының жоқтығын пайдаланып, Т. баланы бөлменің бұрышына тұрғызып, психикалық азап шеккізген.

Тонаушылар мүлікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды

06/10/2022

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты ҚК-нің        191-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы (тонау) бойынша М.-ға және Е.-ге қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сот талқылауы барысында М. және Е. мүлікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы алдын ала уағдаласып, «Altyn Eco park» қонақ үйіне келіп, қонақ үйдің 11-ші қабатында лифтінің жанында болған жәбірленушіге ашық шабуыл жасап, оның 4,8 млн. теңге сомасындағы ақшасын иемденгендері анықталды. Төбелес барысында 2,3 млн. теңге сомасындағы ақшалай қаражаттың бір бөлігі асфальттың үстіне түскен.

Мас күйінде куәліксіз көлік басқарған адам сотталды

06/10/2022

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі бойынша А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тергеу органы А.-ға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, яғни бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылса да қайтадан мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін айып тақты. Мұның соңы абайсызда жол белгісін зақымдауға әкеліп соқты.

Прокурор тағылған айыпты қолдап, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот отырысында А. кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкініш білдірді.