Архив событий

08/10/2022

Сот қызметкерлері «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясына қатысты

08/10/2022

«Республика күні» ұлттық мерекесіне орай Астана қаласының және аудандық соттардың қызметкерлері «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» акциясына қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдан бастап мереке күндерінің тізімі тағы бір мейрам - Судья және сот қызметкері күнімен толықтырылды. Ағымдағы жылдың 28 мамырында аталып өтілген осы кәсіби мерекеге орай елорданың ботаникалық саябағында «Соттар аллеясы» ашылды. Елорда соттарының судьялары мен мамандары аллеяға қылқан жапырақты ағаштардың 50 көшетін отырғызды.

Алқа судьялары бірінші сатыдағы соттың судьяларына практикалық көмек көрсетті

08/10/2022

2022 жылғы 7 қазанда Астана қаласының МАӘС базасында Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьялары Ардақ Балағұмарова мен Гүлнар Әбдірахманова семинар сабағын өткізді. 

Елордалық әкімшілік сотының судьялары баяндама жасап, сот актілерін түзету себептерін егжей-тегжейлі түсіндірді. 

Алқа судьялары мемлекеттік сатып алу саласындағы дауларды және сот орындаушыларының 2021 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты істерді қараудың сот практикасына талдауды талқылады.