Архив событий

21/10/2022

Астана қаласының МАӘС-ның 9 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңес

21/10/2022

Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Дамир Әбдіғалиев пен алқа судьялары елордалық әкімшілік сот судьяларының 9 айдағы жұмысын қорытындылады.

Астана қаласының МАӘС төрағасы Руслан Мәжитов 2022 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру сапасының жай-күйі туралы баяндады.

9 ай ішінде татуластыру рәсімдерін жандандыру туралы Астана қаласының МАӘС татуластыру судьясы Айгүл Ақпанова айтып берді.

«Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігіне қатысты сот шешімі заңды күшіне енді

21/10/2022

2022 жылғы 21 қазанда Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Н.Б.Әлтаевтың апелляциялық шағымын қарады.

Әлтаев іске қатысуға тартылмағандықтан, бірақ оның құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот шешім қабылдады, оның шағымы апелляциялық сатыдағы іс жүргізуге қабылданды.

Шағымда Н.Б.Әлтаев «Байқоңыр» аудандық сотының 2022 жылғы 17 қазандағы шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген оның конституциялық құқықтары мен бостандықтары бұзылғанын атап көрсетті.

Тұлға алаяқтық жасағаны үшін сотталды

21/10/2022

Астана қаласы аудандық сотының 2022 жылғы 10 тамыздағы үкімімен Д. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша 5 жыл мерзімге халықтың ақшалай қаражатын тарту саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Көлік басқару құқығынан айырылған тұлға мас күйінде көлік апатына жол берді

21/10/2022

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 24 тамыздағы үкімімен Б. ҚК 346-бабының 4-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылып, жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеп, 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сот анықтағандай, Б. 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, мас күйінде көлік жүргізіп келе жатып жолдың шетіне шығып, көліктің аударылуына жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оның жолаушысы Л.-ның денсаулығына ауыр зиян келтірді.