Архив событий

14/10/2022

Атқарушылық іс жүргізу мәселелері пікірталас клубының отырысында талқыланды

14/10/2022

М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ алаңында 2022 жылғы 14 қазанда «Сот орындаушыларының шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау» тақырыбында пікірталас клубының екінші отырысы өтті.

Осы тақырып өте өзекті болып табылады, себебі әкімшілік талаптардың шамамен 40%-ы сот орындаушыларының әрекеттерімен келіспеушілікпен байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 шілдесінде «Әкімшілік әділет бойынша пікірталас клубы» жобасы таныстырылды.

Спирттік ішімдік ішудің салдары

14/10/2022

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 аудандық соты азаматша С.-қа қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тергеу барысында мас күйдегі С. жанжал кезінде жұбайын ас үй пышағымен ұрып, оның денсаулығына ауыр зиян келтіргені анықталды (ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі).

Жаза туралы шешім

Сотталушының кінәсі сотталушының кінәларын  мойындаған, жәбірленушінің жауаптарымен, сараптамалардың қорытындысымен және қылмыстық істегі басқа да материалдарымен дәлелденді.

Тұлға мүліктік залал келтіргені үшін сотталды

14/10/2022

Сот үкімімен К. рақымшылық жасау туралы акт қолданыла отырып, ҚК-нің 195-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруға сотталды және темір жол көлігі-экспедиторлық және темір жол тасымалымен байланысты өзге де қызметпен 3 жыл мерзімге айналысу құқығынан айырылды.

Ер адам біреудің мүлкін өртеу арқылы жойғаны үшін сотталды

14/10/2022

Сот үкімімен Т. оның іс-әрекеттерінде қылмыстардың қайталануының бар екендігі таныла отырып, ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Т. бұрын бірге тұрған әйелдің автокөлігіне 1 млн. теңгеден астам сомада мүліктік залал келтіре отырып, өртеу арқылы қасақана жойғаны үшін кінәлі деп танылды.

Апелляциялық шағымында сотталушы сот үкімін өзгертуді, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Ер адам мас күйінде көлік жүргізу куәлігінсіз жол-көлік оқиғасының орын алуына себепші болды

14/10/2022

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты 2022 жылғы 3 қазанда ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі бойынша Ф.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тергеу барысында Ф.-ның елорда әуежайына қарай мас күйінде көлік жүргізіп бара жатып басқа көлікпен соқтығысуға жол бергені анықталды. Ф. көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра құқық бұзушылық жасады.

Прокурор айыптауды қолдады.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді, сондай-ақ жалақы алғаннан кейін зиянды өтеу ниеті бар екені туралы айтты.

Сот баланың әкесін ата-ана құқығынан айырудан бас тартты

14/10/2022

М. И.-ды ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа жүгінді.

Істің мән-жайы.

Неке бұзылғаннан кейін тараптар бөлек өмір сүре бастады. 8 жасар баланың тұрғылықты жері ауызша келісім бойынша анасымен деп анықталған. 2015 жылы сот бұйрығымен М.-ның пайдасына И.-дан балаға алимент өндірілді.

Жауапкердің 2 млн. теңге сомасында берешегі пайда болды. Әкесінің алимент төлеуден жалтаруына, тұрғылықты жерін жасыруына және баламен араласпауына байланысты анасы И.-ды ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз берді.

Сот көпбалалы отбасының тұрғын үйге құқығын қорғады

14/10/2022

Әкімдіктің «Тұрғын үй қоры» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі сотқа басқа тұрғын үй беруінсіз, А.-ны шығарып жіберу туралы арызбен жүгінді.

Сот шешімімен мәлімделген талаптар қанағаттандырусыз қалдырылды.

Іс апелляциялық сатыдағы сотқа Мекеменің шағымы бойынша келіп түсті.

Істі алқа қараған кезде, пәтер А.-ға тұрғын үйді жалдау (жалдау) шарты бойынша қызметтік тұрғын үй ретінде берілгенін және онымен жалдау шарты жыл сайын ұзартылатындығы анықтады.